ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Мақтаарал ауданында өткен жылы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 255%-ға артып, 15,4 миллиард теңгені құраған. Бір жылдың ішінде 86 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілген. Ауданда 8 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, облыстық бюджет есебінен жалпы конкурстық құны 3 млрд. теңгеге 5 мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Жергілікті бюджет есебінен 906 млн. теңгеге 2 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданы аумағында көпбалалы аз қамтылған 50 отбасыға 50 тұрғын үй сатып алуға былтыр республикалық бюджет есебінен 418 миллион теңге қаржы қаралып, толық игерілген. Алдағы уақытта аталған үйлер көпбалалы отбасыларға табысталады.
Сонымен қатар, аудан орталығы Мырзакент кентінде орталық кітапхана күрделі жөндеуден өтуде. Нысанның құрылысына 309 миллион теңге қаржы қарастырылды. Алдағы наурыз айында пайдалануға берілетін орталық кітапханада 50 мыңнан аса кітап қоры сақталады. Онда арнайы заманауи оқу залы мен оқу бөлмелері жұмыс істейді. Оқушылар үшін балалар кітапханасы да жеке қарастырылған. Мәдени нысанда түрлі ақын-жазушылардың, қаламгерлердің шығармашылық кешін өткізу мақсатында 200 орындық концерт залы ашылады.
Аудан орталығында құрылысы жүрген алып нысандардың бірі – Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионы. Екі мыңнан аса көрерменге арналған нысанның құрылыс жұмыстарына 240 миллион теңге бөлінген. Стадион аумағында скейт воркаут тренажер алаңы, кіші футбол алаңшалары және волейбол, баскетбол алаңшалары ашылады.
Сондай-ақ, Мырзакент кентінде Даңқ аллеясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. С.Қожанов көшесі бойындағы мәңгілік алау ескерткішін қайта құру үшін былтыр бюджеттен 137 миллион теңге қаржы қаралған.
Айта кетейік, өткен жылы Мақтааралда орын алған төтенше жағдайдан кейін 8 әлеуметтік нысанның құрылысы басталған болатын. Оның ішінде, Мырзакент кентінің жанынан бой көтерген жаңа мөлтек ауданда 400-ге жуық тұрғын үй салынып, бір мектеп, бір балабақша, бір дәрігерлік амбулатория мен полиция пунктінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Өргебас, Фирдауси ауылдарындағы мектептер ағымдағы жөндеуден өтіп, дәрігерлік амбулатория мен полициялық тірек пункттері салынуда.Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....
Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...
Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...
Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.