Қалың жауған қар қала тұрғындарын әбігерге салды. Таңнан бері электр жүйесінде 34 апаттық жағдай тіркеліп, салдарынан 18 елді мекен жарықсыз қалған. Сонымен қатар, қаладағы бағдаршамдардың сөнуі жол кептелісін тудырды.
Қолайсыз жағдайларды қайта қалпына келтіру мақсатында 22 бригада құрылып, үздіксіз жұмыс атқаруда. Нәтижесінде 19 электр жүйесі іске қосылып, қалған 15 электр жүйесі кешкі уақытқа дейін қосылады. Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Боранбай Болатбеков мәлімдеді.