«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Түркістан қаласының инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді. Үкімет басшысы инвестициялық жобалардың — «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің, JCI халықаралық стандарты бойынша салынып жатқан 570 төсек орнына шақталған көпбейінді аурухананың (2022 жылдың жазында пайдалануға беру жоспарланып отыр), Қазақ драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың, Тұңғыш Президент саябағының, дендропарк пен ботаникалық бақтың іске асырылу барысымен танысты.
Сондай-ақ А. Мамин пайдалануға берілген «Hampton» қонақ үйі мен Халықаралық туризм университетін аралап көрді. Премьер-Министр өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және биыл көктемде Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Үкімет басшысының қатысуымен Түркістан облысының әкімдігі, «Artel Electronics» өзбек компаниясы және «Orbis Kazakhstan» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат өңірде ас үй плиталары мен электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салуды көздейді. Қуаттылығы – жылына 1 млн бірлік техника. Жоспарланған инвестиция көлемі – 36 млрд теңге. Кәсіпорын 2100 жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді. 2020 жылы Түркістан қаласының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 3,8 есе өсіп, 367,6 млрд теңгені құрады. Инвестициялардың негізгі үлесі туризм, логистика және жылжымайтын мүлік салаларына бағытталды.
Түркістан облысының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2020 жылы 703,3 млрд теңгеге жетті (+60%). Құрылыс жұмыстарының көлемі 65,8%-ға 299,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Облыс инвестициялардың өсу қарқыны және жалпы өңірлік өнімнің өсуі бойынша жетекші позицияға ие болды.
primeminister.kzҚасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...
Самарқан – туризмнің отаны. Көне тарих пен өркениеттің алтын бесігі саналатын бұл шаһар ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орналасып,...
Қазақстан мен Өзбекстан – тарихы тамырлас, тағдыры сабақтас, мәдениеті мен руханияты үндес қос халық. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тек географиялық...
«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...
Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...
Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.