• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ҰЙЫМДАРМЕН 130,6 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ КЕЛІСІМ ШАРТЫН БЕКІТТІ

21.01.2021
0

Биыл «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы 81 медицина ұйымдарымен 130,6 млрд теңгенің келісім шартын бекітті. Тиісінше өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 пайызға артқан. Қаржы — кепілдендірілген тегін медициналық көмекке (ТМККК) және МӘМС пакеттері шеңберіндегі қызметтерге бағытталады. Бұл жөнінде қордың филиал директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдейді.
Оның айтуынша, биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға келісінген 81 медициналық ұйымның 40-ы жекеменшік клиника.
«Облыс тұрғындарының 86,4 пайызы (1 764 157) медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар. Жалпы 3 жылдан астам уақыт ішінде Түркістан облысынан түскен сома көлемі 12,6 млрд теңге. Оның ішінде, 9,2 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 3,5 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұрғындарға тиесілі. Ал, өзін өзі жұмыспен қамтығандар 52 015 теңге бірыңғай жиынтық төлемін төлеген», – деді, Асхат Асанұлы.


Айта кетерлігі, егерде азамат МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болса, жарна төлеуші санатына қарай МӘМС үшін ай сайын төленетін жарна мөлшерін анықтап алуы керек. Мәселен, жеңілдігі бар 15 санаттағы азаматтар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Биылдан бастап, жалдамалы жұмыскерлерге – жұмыс беруші бухгалтериясы жалақының 2%-ы мөлшерінде және жалақы қорынан 2% мөлшерінде, жалпы Қорға 4% төлем жасайды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы иелері, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде (ЕТЖ 2021 жылы да 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері бұрынғыдай – 2975 теңге) төлем жасайды. Ал азаматтық-құқықтық негізде шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар – табысының 2%-ы мөлшерінде, ең жоғарғы төлем 8500 теңге төлем жасайды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін МӘМС жүйесіне қосылудың екі жолы бар. Біріншісі – «өз бетінше» төлеуші ретінде. Жарна — ең төменгі жалақының 5 пайызын құрайды. Яғни – 2 125 теңге төлейді. Екіншісі – бірыңғай жиынтық төлем. БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) — 2917 теңге. Ауылдық жерлер үшін 0,5 АЕК — 1458,5 теңге. Сақтандыру пакетіне енген қызмет түрлерін пайдалану үшін БЖТ соңғы 3 айда үзіліссіз төленуі тиіс.
Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 721 қаулысына сәйкес, ШОБ үшін жеңілдік кезеңі 2020 жылдың 1 қазаннан 2021 жылдың қаңтар айына дейін туристік қызметте, қоғамдық тамақтандыруда, қонақ үй бизнесінде, ірі сауда объектілерінде, кинозалдар, театрларда, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарында, тамақ өнімдерін және дәрі-дәрмекті өткізуді, көлік қызметін көрсетуге ұзартылған болатын. Қазіргі таңда жеңілдік кезеңі аяқталды. Бұл субъектілер биылғы жылдың басынан бастап МӘМС жарналары мен төлемдерін төлей бастайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.