СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН
Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылады. Салынып жатқан демалыс орындарының мән-жайымен танысып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді. Облыс басшысы «Түркі бағы» мен Яссауи көшесі бойынан салынып жатқан желілік саябақтың құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда жерді тегістеу жұмыстары 30% аяқталып, су сақтау қоймасын (резервуар) орнатуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өңір басшысы «Керуен сарай» тұрғын үйлер кешенінің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердің іргетасы қаланып, құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауқымды жоба алдағы қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Өмірзақ Естайұлы ғылыми-әмбебап кітапханасында болды. Нысанның сыртқы және ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау және құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Кітапхана алдағы ақпан айында ел игілігіне берілмек.
Мұнан соң өңір басшысы Халықаралық туризм және меймандостық университетін аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, Түркістандағы көмекші мектеп-интернаты жатақхананың құрылыс алаңын аралап көрді. Жатақхананың құрылысы аяқталған. Ғимарат инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген.
Аймақ басшысы рухани-мәдени орталықтағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағын абаттандыру 4 кезеңмен жүзеге асуда. Жоспарланған істің жартысынан астамы аяқталған. «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағындағы 9 гектар аумақ абаттандырылуда. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүріп жатыр. Көпжылдық көшеттер егіліп, инженерлік желілер тартылған, аяқжолдар төселген.

«Тұңғыш Президент саябағының» аумағындағы құрылыс та облыс әкімінің басты бақылауында. 38 гектар аумақ тұтастай жасыл желекке оранады. Көгалдандырылып, жасанды көлдің тіреу қабырғаларының бетон жұмыстары аяқталып, габионмен қапталған. Бас қақпасы орнатылып, мәрмәр таспен қапталуда.Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...
Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...
Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...
Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...
Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...
Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.