2016-шы жылдың «Ең үздік» сауда кәсіпкерлері анықталды. Отандық нарықта өзінің сапалы қызметімен озық деп танылған кәсіпкерлердің байқауы биылғы жылы Оңтүстікте өткізіліп отыр. Қазақстан Сауда кәсіпорындарының қауымдастығы ұйымдастырып отырған сайыста әділ қазылар үміткерлердің тұтынушыларына көрсеткен қызметтің сапалылығына ерекше назар аударған. Ақөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар сынды еліміздің түкпір-түкпірінен келген жеңімпаздарға түрлі аталымдар бойынша марапатталды. «Үздік сауда базары» аталымы бойынша бірініші орынға Түркістан қаласындағы «Қуаныш» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі ие болып отыр. Айта кетейік, Республикалық байқау жыл сайын еліміздің әр өңірлерінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
«Айғақ» — ақпарат.