ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып Дариға Назарбаева тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында жария болды. Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева 1963 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында туған. Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті. «Хабар» Телерадиокорпорациясының вице-президенті, директоры, президенті, 2001 жылдан директорлар кеңесінің төрайымы, «Асар» партиясының төрайымы, 2009 жылдан ҚР Тұңғыш Президенті қорының басшысы сынды қызметтерді атқарды. 2012 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған Дариға Нұрсұлтанқызы «Парасат», «Өнер және әдебиет» ордендерімен марапатталған.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ
«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...









