Шымкент қаласының әкімшілік аумағы өзгеруіне байланысты, ҚР Бас Прокурорының Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы органының құрылымында Шымкент қаласы, Қаратау ауданының прокуратурасы құрылды. Бас Прокурордың бұйрығымен Қаратау ауданының прокуроры лауазымына Кәрім Әділ Әбдіқадыр тағайындалды. Әділ Кәрім 10 қараша 1984 жылы Шымкент қаласында туылған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (құқықтану), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық — техникалық университетін (қаржы), М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген. Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2004 жылдың қаңтар айында Орал көлік прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Орал қаласы прокурорының көмекшісі, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Алматы қаласының Алатау ауданы прокурорының орынбасары, соңғы кезде Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯ БІРЛЕСІП РЕЙД ӨТКІЗДІ
Шымкент қаласында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция департаменті бірлесіп кезекті профилактикалық рейд жүргізді. Басты мақсат – жарық шамы мен...