Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Газета»Мамандығын міндетімен ұштастырған ұстаз
    Газета

    Мамандығын міндетімен ұштастырған ұстаз

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.05.2020Updated:25.05.2020Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ұстаз атты ұлы есімді иеленген жандардың ұрпақ тәрбиесіндегі еселі еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Тұлғалық даму, даралану жолында кездескен мұғалімдердің ұлықты ісі – қашан да өнеге болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыруды дәріптеу, әсте қадірлеу — ұлтымызда өркен жайған әдебиет пен мәдениеттің түп тамырын қалыптастыруда тағы да ұстаз алдында бас ию мақсат, һәм міндет.

    Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Төлеген Тәжібаевтың есімін иеленген Шымкент қаласындағы №47 мектеп-гимназиясы 30 жылдық тарихында талай шәкіртті алтын ұядан ұшырып, болашаққа қанаттандырды. Сол кезеңде мектеп табалдырығын жас маман болып аттаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мафруза Әділбекова бүгінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білікті мұғалім, аяулы ана, ардақты жан. Сонау 2000-шы жылдардан бастап Мафруза Үсенқызы оқытқан шәкірттер ортасынан топ жарып, қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларынан, ғылыми жұмыстардан жүлделі орындарды иемденіп жүрді. Жергілікті баспасөз беттерінде жас маман туралы сол кезеңде-ақ, алғашқы мақтаулы мақалалар жазыла бастады. Жан  жүрегі жақсылыққа құмар, адамгершіліктің асыл қасиетін ұлттық руханияттан алатын ұлағатты ұстаздың ғұмыр жолындағы жетістіктері тек биіктерге жетеледі.

    Педагог – шәкірт жанының бағбаны, өз ісінің берілген ұстасы. Оның еңбегі шөлге құдық қазғанмен тең деп жатады.Адамның жасы қанша жыл өмір сүруімен емес, бойындағы абзал қасиеттерімен, парасат-пайымымен, жан дүниесінің жарқылымен, табиғат берген қуат-жігерімен таразыланса керек. Ішкі дүниесі мен сыртқы келбеті жарастық тапқан жанның бүгінгі заман талабына сәйкес балаларды оқыту методикасы оқушы жанын нұрландырады. Мафруза Үсенқызы тәрбиелеген талай шәкірт  Қазақстанның түкпір-түкпірінде.

    Ұстаз мәртебесі – фило­со­фия­лық, психологиялық, тарихи, әлеу­меттік астары бар қадірлі ұғым және қоғам жауапкершілігін анық­тай­тын өлшем. Педагог тұғыры – қоғам мен мемлекет тұғыры. Ал, үнемі ізденіс үстінде жүретін Мафруза Әділбекова мұғалім мен шәкірт қарым-қатынасының білім беруден өзге рухани үндестік арқылы байланыс орнатудың биік екендігін БАҚ беттерінде де жазып жүр. Түрлі тақырыптарда қалам тербеп, бүгін мен болашақтың маңызды тұстарын түртіп келеді. Сондықтан да, шығар мектеп қабырғасында ұжым алдында беделді, оқушылары алдында сый-құрметке ие. Мұғалімнің әрбір сөзін заң деп білу, оны мойындау – күнделікті сабақты ұғынудан да жоғары. Қазақ руханиятың шоқтығы биік мәртебесін ұлықтауда, тәрбиелі тағлымды ұмытпауда – әдебиеттің орны қандай жоғары болса, ұстаздың оқушысы алдындағы сыйын жоғалтпауы да сондай маңызды. Дана бабаларымыз балаға бі­лім­­нен бұрын тәрбие берілуі керек екенін мұнан мың жыл бұрын айтып кеткен. Отбасы тәлімі мен елдік тәрбие – білім жүйесінің әрі өзегі, әрі айнасы. Қазақстанның отаншыл ұл-қызын оқытудың мақсаты мен мазмұны жылдан-жылға айқындалып келеді.

    Ал, Мафруза Үсенқызының бұл міндетте бағы мен бабы қатар шапқан. Бүгінгі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын, рухани дамыған, рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық–әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани – адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты шығармашыл тұлға.

    Әбу Насыр әл-Фараби сөзімен айтар болсақ,  «мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жеткен» бәсекеге қабілетті, жаңашыл, жасампаз маман.

    Салтанат ТОЙБОЛОВА,

    Республикалық «Айғақ» газеті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    «ОТБАСЫ БАНК» — БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ СЕНІМДІ ЖОЛЫ

    16.10.2025

    Қ.ТОҚАЕВ: ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ ҚОРЫНЫҢ БІРДЕН АЗАЙЫП КЕТУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАЖЕТ!

    30.10.2021

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ФРАНЦИЯҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

    30.10.2021
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.