Шымкент қаласы әкімдігінің аппаратын енді Рашид Аюпов басқаратын болды. Астанадан Оңтүстікке келген Рашид Абатоллаұлы — «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ағылшын, орыс, қазақ тілдерін жетік меңгерген маман еңбек жолын жекеменшік компанияда «бағдарламашы» болып бастаған. Әр жылдары ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде сектор меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығының» директоры, Премьер-министр Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадрларды басқару бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс жасаған.
Рашид Аюпов 1981 жылдың 4 наурызында ОҚО, Кентау қаласында туылған.