Суретте: Худжант қаласындағы Исмаил Ибн Ахмед Самани ескерткішінің алдында.
АНЫҚТАМА: Исмаил Ибн Ахмед Самани (849, Ферғана) – Бұхар ханы, Саманилер әулетінің өкілі. 874 жылы ағасы І Насрдың тапсыруымен Бұхара қаланан басып алып, аймақтың билеушісіне айналды. 892 жылы ағасынан кейін таққа отырып, Орта Азиядағы Саманилер әулетін 907 жылға дейін билейді, Исмаил Ибн Ахмед Самани орта билікті күшейту саясатын жүргізген. 11 ғасыр басына дейінгі Самани әулетінің соңғы билеушілері Исмаил ибн Ахмедтен тарайды. Исмаил Ибн Ахмед Самани 893 жылдың көктемінде Аббасилық халиф Мутадидтен инвеститура алады. Осы жылы оның Таразға жорығы басталады. Бұл кезде Тараз өңірі қарлұқтардың билігінде болатын. Қарлұқ ханы Базыр Арслан ханның әкімш. БаласағұнБаласағұнда орналасты да, Таразда оның інісі Оғұлшақ Қадыр хан билік жүргізеді. Қарлұқ қағанаты мен Саманилер әулеті билеген мемлекеттің шекаралары сол тұста Исфиджаб өңірінде түйісті. 840 жылы Исфиджабды Нұх ибн Аса жаулап алып, қала сыртында үлкен қорған салдырған. Исфиджаб Саманилер әулетінің солтүстіктегі бекінісі қызметін атқарды. Араб халифатының мойындауы мен қолдауы Исмаилды ислам дінін түркі тайпалары арасында таратуға мәжбүр еткен. Саманилер билеушісі 893 жылы Таразға аттанады. Деректерде Исмаилдың қанша әскері, Тараз билеушісінің қанша күшті болғаны, ұрыстың қалайша жүргізілгені жөнінде мәліметтер айтылмайды. Исмаил әскері Таразды жаулап алғаннан соң, қала билеушісі Оғұлшақ өзінің резиденциясын Қашғарға көшіреді. В.В. Бартольд ортағасырлық авторлардың мәліметтеріне сүйеніп Тараз үшін шайқаста 10000 адам қаза тауып, 15000 адам тұтқынға алынғанын айтады. Цифрлар әсіре айтылса да, қала үшін ауыр шайқастар болып, екі жақтан да көп санды әскерлер қатысқан деп болжам айтуға болады. Исмаил Тараз қаласындағы басты шіркеуді мешітке айналдырады. Тараз өңірі Исфиджаб аймағының құрамына енгізіледі. Тараз қаласы 10 ғасырда мұсылман саудагерлерінің түріктермен сауда жасайтын және мұсылман әлемінің шекаралық пункті қызметін атқарады. (Википиедия)
Суретте: Оңтүстікқазақстандық делегаттар
Суреттерді түсірген: Абзал Әділбеков