• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«Кентау» индустриалды аймағында 7 жоба іске қосылады

21.02.2020
0

Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан «Кентау» индустриалды аймағында 2022 жылға дейін жалпы құны 1 млрд. 371,2 млн. теңге болатын 7 жоба жүзеге асырылады. Жоспар жүзеге асқанда 150-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады. Қазіргі таңда онда құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба жұмыс істеп келеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған ақпараттық тур аясында БАҚ өкілдері жұмыс істеп тұрған нысандарды аралап, атқарылып жатқан шаруалармен танысты.

«Электропривод» ЖШС Тоқ және кернеу ажыратқыштары мен трансформаторлар жабдықтарын шығарумен айналысатын кәсіпорын 2015 жылы іске қосылған. Жобаның құны 842 млн. теңге. Мекемеде 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріске қажетті шикізаттар Қытай елінен алынып, дайын өнім Қазақстанның барлық өңірлеріне таралуда.

Индустриалды аймақта орналасқан «Электродеталь» ЖШС-да трансформаторларға арналған металл конструкцияларын шығарумен айналысып келеді. Мекеме 2016 жылы құрылған. Жобаның жалпы құны 867 млн. теңге. Кәсіпорында 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт жылына 35-110-220 кВ трансформаторға арналған 25 дана, 300 дана металл конструкция шығаруға қауқарлы.
Сондай-ақ, индустриалды аймақта жұмыс істеп тұрған үшінші жоба «Әуезов» ЖК. Аталған мекеме оттегі дайындаумен айналысады. Цех тәулігіне 100 дана баллонға оттегі толтыруға қауқарлы. Мұнда арнайы мамандандырылған 4 адам жұмыс істейді. Кәсіпкер Ермекбай Әуезов алдағы уақытта мекеменің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтты.


«Кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен осы істі дөңгелетіп отырмыз. Төмен пайызбен несие алып, қытайдан құрал-жабдықтар алдырттық. Қазіргі таңда дайын өнімді дәнекерлеу ісімен айналысатын кәсіпорындарға, ауруханаларға жеткізудеміз. Бұған дейін мұндай арнайы дайындалған оттегіні Шымкенттен тасымалдап келген азаматтар қазір бізден келіп алып жатыр», – деді Е.Әуезов.

Айта кетейік, жалпы өңіріміздің аудан, қалаларында 9 индустриалды аймақ бар. Оның 7-еуі жұмыс істеп тұрса, қалған 2-еуі жақын күндері іске қосылады. «Түркістан индустриалды аймақтарын басқару компаниясы» ЖШС қатысуымен осы уақытқа дейін құны 30 млрд. теңгені құрайтын 31 инвестициялық жоба іске қосылды, олар 770 жұмыс орнын құруға ықпал етті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

Айғақ медиа
03.10.2026
0

Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.