Түркістан облыстық мәслихатының бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Бірқатар басқарма басшылары қатысқан жиында күн тәртібіне үш мәселе қойылды. Яғни, 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу болса, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесіне толықтырулар енгізу де тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде.
Бірінші мәселе бойынша сөз алған облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Абдуллаев 2020 жылғы облыстық бюджеттің көлемін жалпы 7, 4 млрд теңгеге ұлғайту керектігін атап өтті. Сондай-ақ, кірістермен шығыстарға жеке-жеке тоқталған басқарма басшысынан мәслихат депутаттары өткен жылы игерілмей қалған біршама қаражаттардың себебін сұрады. Сұрақтың астына алған халық қалаулылары сұралған қаражатты қайта нақтылап қадағалау қажеттігін атап өтті. Ал, күн тәртібіне қойылған өзге мәселелер бір ауыздан қолдау тапты.