• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Дариға Назарбаева: Азық-түлік өнімдері қол жетімді болуы керек

19.02.2020
0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Парламенттік тыңдауларға дайындық аясында еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдерінің және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен ет өндірісі саласының қазіргі жағдайына арналған кездесу өткізді, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының баспасөз қызметі

Жүздесуге Сенат депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен мал шаруашылығы бойынша өнім өндірушілер қатысты.

Алдымен ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Қазақстандағы мал шаруашылығының қазіргі күй-жайымен таныстырды.

Министрдің бірінші орынбасары ет өндірісі еліміздегі негізгі салалардың бірі екенін айта келіп, өткен жылы 1,1 млн тонна ет өндірілгенін жеткізді. «Отандық ет өнімдерінің экспорты айтарлықтай емес. 2019 жылы 372 тонна шұжық және 769 тонна консерві өнімдері экспортталды. Сонымен қатар, Қазақстаннан 156 063 ірі қара және 263 737 ұсақ мал сыртқа жөнелтілді», — дейді А. Сапаров.

2019 жылдың қазан айында елімізден ірі қара мен саулықтарды сыртқа шығаруға тыйым салынғанына қарамастан 26 781 ірі қара және 22 272 бас ұсақ мал әкетілген.

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева мал шығаруға тыйым салу және оның зардаптары мәселесін көтерді. «Бізге тек көлеммен ғана емес, сапамен де, бағасымен де алуымыз керек. Ет дәмді, сапалы және бағасы қолжетімді болуы тиіс. Бүгін біздің қолымызда не бар? Ет бағасы өте тез өседі. Бізде ет бар, бірақ біздің нарықта неге қымбат? Оның үстіне, біздің еліміз бен халқымыз етті бағдарға алады. Маңыздылығы жағынан наннан кейін екінші өнім – ет», — деді Д.Назарбаева.

Батыс Қазақстан облысындағы «Кублей» серіктестігінің бас директоры Талғат Берекешев қайта өңдеу өнеркәсіп орындарының басты мәселелеріне тоқталды. Оның пікірінше, біздің қайта өңдеу кәсіпорындарының мәселесі – қуаттардың толық іске қосылмай тұрғаны.

«Ет комбинаттары 40-45% қуатында жұмыс істеп тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бүгінгі күні қолданыстағы өнімді мал шаруашылығы жөніндегі бағдарламасы басты себеп болуда. Оған сәйкес, барлық субсидиялар өндірістік кәсіпорындарда шикізатты қайта өңдеуге емес, бордақылау алаңдары арқылы жіберіледі. Сондықтан фермерлер малды ет комбинатына емес, бордақылау алаңына тапсырса ғана малға субсидия алады. Яғни, олар бізге ет беруге құштар емес. Ал бордақылаушыларға экспорт тиімді, сондықтан субсидиямен алынған мал сатып алушыларға кетеді», — деп атап өтті Т.Берекешев.

Сенат Төрағасы жауап ретінде айтқан сөзінде егер әр зауыт ең болмағанда 90% қуатында жұмыс істеген болса, онда өнім көлемі мүлдем басқа әрі нарықтағы бөлшек баға да басқа болады, бұл ретте делдалдар азаяды.

«Қазір біз халық тамағының тоқ болуын, негізгі азық-түліктің қолжетімді болуын ойластыруымыз керек. Бұл біздің басты міндетіміз. Ауыл шаруашылығының алдында сала ретінде басымдықтар бар. Қазақстандықтар туралы ұмытпайық. Олардың дастарқанында қолжетімді дәмді ет болуы керек. Алдымен азық-түлік қауіпсіздігін ойлау керек. Өз еліміздің тоқшылықта болуы маңызды», — деді Д.Назарбаева.

Сенат басшысы ет саласының қазіргі жағдайы туралы айта келіп, оның жеңіл өнеркәсіппен байланысын атап өтті. «Малды сою — бұл да маңызды мәселе. Себебі терінің сапасы бізде жеңіл өнеркәсіптің дамуына әсер етеді. Бұл мәселеге барлық жағынан кешенді түрде қарау керек», — деді ол.

Дариға Назарбаева кездесуді қорытындылай келіп, парламенттік тыңдаудан кейін де жұмыс жалғасатынын атап өтті.

«2020 жылдың соңына — 2021 жылдың басына қарай Агроөнеркәсіпті дамытудың жол картасы дайын болады. Зерделі заңдар мен ережелер қабылдануы керек. Сіздермен мүддеміз ортақ – ауыл шаруашылығымызды көтеру, отандық өндірістің дәмді әрі арзан өнімдері дастарқанда мол болуы үшін бай ел болу керек. Оны қарапайым заттардың экономикасы дейміз», — деді Д.Назарбаева.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.