Облыс әкімі өткен жылы Түркістан облысын табиғи газбен қамту бойынша монополисттермен күрделі мәселелер туындағанын жасырмады.Дегенімен, Өмірзақ Естайұлы газбен қамту өңір тұрғындары үшін маңызды екенін ескеріп, проблеманы тікелей Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына мәлімдеген. Нәтижесінде халықтың көптен күткен үміті мен сенімі ақталып отыр. Облыс әкімі ҚР Президентінің тапсырмасымен өңірдегі 78 елдімекенге толығымен газ берілетінін атап өтті. Бұл бағытқа биыл 18 млрд теңге бөлінген.