Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен:
-
Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары;
-
Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;
-
Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:
-
Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен;
-
Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.