• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Сарыағашта кеден мәселесі талқыланды

08.02.2020
0

Бүгін Түркістан облысының прокуратурасы жанындағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесі Сарыағаш ауданына оралып, көшпелі отырысын қайта өткізді. Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен өткізілген Үйлестіру кеңесінің жұмысына облыс әкімі мен сот төрағасы, құқық қорғау және уәкілетті органдарының бірінші басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші сұрақ ретінде Кеңес мүшелері облыстағы этносаралық келісім мәселелері бойынша уәкілетті органдардың атқарып жатқан жұмыстарының тиімділігін қарап, ұлтаралық келісімді реттеу және этностар арасында қақтығыстардың алдын алу және болдырмау жолдарын талқылады.

Екінші сұрақ бойынша өткен жылы Сарыағаш қаласында өткізілген Үйлестіру кеңесінің отырысында берілген тапсырмаларды құзырлы органдардың орындау жағдайларына баға берілді.

Кеңес отырысында Н.Әбдіров кеден маңында қалыптасқан проблемалар өңіріміз үшін маңызды сұрақтардың бірі болып табылатынын атап өтіп, құзырлы органдардың жыл көлемінде сол төңіректе белең алып жатқан заңсыз валюта айырбастау, ретсіз сауда жүргізу, заңсыз миграция мен жолаушы тасымалдау орындарын ретке келтіру жөнінде берілген тапсырмаларды орындаусыз қалдырғанын тілге тиек етті.

Баяндама жасаған облыс прокурорының бірінші орынбасары А.Пашаев: «Оңтүстік аумақтарда алаяқтық, пәтер ұрлығы, тонау, қарақшылық пен есірткі затының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар өскен. Бұл жөніндегі статистикалық мәліметтер — құзырлы органдардың қылмыс пен құқық бұзушылық профилактикасы жұмыстарының тиімсіздігін көрсетіп отыр», — деп атап өтіп, кеден айналасындағы бірқатар заңсыздықтардың тыйылмай жатқанын баяндады.

Шетел азаматтарының көші-қон саласында жалған карточкаларды пайдалану деректері көбейген. Шекара қызметі осындай заңсыздықтарға қатысты 2018 жылы – 62, 2019 жылы – 249 фактіні тіркеген.

Кеден бекеттерінен өтіп жатқан жүк көліктері сапасыз тексерілуде.

Мәселен, «Атамекен» кеден бекеті арқылы 2019 жылы Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына 4 765 дана ауыр жүк көліктері жалпы салмағы 93 106 тонна қиыршық тастарын тасымалдаған.

  Елге қиыршық тастарды әкеп, көліктің жанар-жағармай багының конструкциясын өзгерту арқылы 1 тонна көлеміндегі жанар-жағармайды Өзбекстан Республикасына өткізуді жүзеге асырып келген.

Мысалы, дайындаушы зауыт шығарған «КамАЗ» 55111 маркалы жүк көлігінің стандартта көзделген багының көлемі 250 литрді құраса, Өзбекстаннан келген осы көліктерінің бактары 1000-1500 литрге арналып, қайта жабдықталған.

Көрші елде Қазақстан Республикасына қарағанда жанармайдың әр литрі 50 тенгеге қымбат. Ал науқан кездерінде Қазақстан Республикасының жергілікті аудан тұрғындары үшін жанар-жағармай тапшылығы туындап, үлкен мәселеге айналуда.

Кеден бекеттері маңында орналасқан автотұрақтардың жағдайы да сын көтермейді. Типтік түрде салынбаған және антисанитариялық жағдайлардағы автостанцияларда тиісті рұқсаты жоқ және техникалық талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдары күнделікті жолаушыларды тасымалдауда.

«Атамекен», «Қапланбек», «Қазығұрт» пен «Қонысбаев» кеден бекеттеріндегі ретсіз сауда орындары және валюта айырбастау пунктері әлі күнге дейін заң талаптарына сәйкестендірілмеген.

Жыл бойы осы және басқа да мәселелерге жауапсыздықпен қараған құзырлы органдардың лауазымды тұлғалары аталған мәселелер тұрғысында берген есептері мен жауаптары тындалып, оларға берілген тапсырмаларды орындау турасында қатаң нұсқаулар жасалды.

Ахуалды түзету мақсатында облыс прокуроры өз міндеттерін талапқа сай орындамаған лауазым иелерінің жауаптылығын қатаң түрде қарауды ұсынып, кеден маңында қалыптасқан проблемалық жұмыстарды қайта қарауды тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

Шымкентте саябақтар мен көшелерде қаңғыбас иттер қаптаған. Мамандардың айтуынша, мәселенің бір ұшы — жануарларды бақылаусыз қалдыратын тұрғындардың өзінде. Дендрологиялық саябақта...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.