• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Солтүстік сапары: «Еңбектің» ебін тапқандар…

08.02.2020
0

Түркістандық делегация сапарының алғашқы күнінде Петропавл қаласынан 150 шақырым қашықтықта жатқан Жамбыл ауданына да ат басын бұрды. Солтүстік Қазақстан облысының бұл өңірінде оңтүстіктен қоныс аударған отбасылар саны 52. Барлығы да «екі қолға бір күрек тауып», бүгінгі күні еңбегінің жемісін көріп отыр.19 мыңнан астам тұрғыны бар ауданға 13 ауылдық округ қарайды екен.

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Сұлтанғазының  айтуынша, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы одан әрі қарқын алмақ. Яғни, ағымдағы жылы тағы 48 отбасыны орнықтыру жоспарланып отыр. Ол үшін арнайы баспаналар да салынуда. Ал, көшіп келіп, өз кәсібін бастауға ниеттенген азаматтарға егін егетін жер және іске қажетті барлық жағдайлар жасалады дейді. Бұл тұста қоныс аударушылардың жағдайымен танысқан түркістандық делегация олардың алдағы жоспарларына құлақ түрді. Айта кетсек, 2019 жылы қоныс аударғандардың ішінде 14 отбасы,  бүгінде жеке кәсібін ашып, жүйелі жұмыстарды жүргізіп үлгерген.

«Айғақ» телеарнасына сұхбат берген қоныс аударушылардың бірі Динара Тасболатова Түркістан облысының Созақ ауданынан 2016 жылы отбасымен көшіп келгендігін айтады. Алдағы уақытта кішігірім базар ашуды жоспарлаған ол, бүгінде ірілі ұсақты төрт түліктің басын түгендеп, еңбектің нанын тауып отыр.

Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының және қоғамдық кеңестің мүшесі Дулат Әбіш  Абай Құнанбаевтың құндылығын насихаттау мақсатында, ұлы ақынның «Сенде бір кірпіш дүниеге» атты кітабын  осында тұрақтаған отбасыларға тарту етті. Мұнымен қоса,  оңтүстік өңірінен шыққан өнімдерді ұсынып, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев үндеу тастаған «Қамқорлық» жобасын Солтүстікте жалғастырды. Сондықтан, қоныс аударған азаматтардың бүгінгі жағдайы туралы «Айғақ» телеарнасының арнайы бағдарламасынан алдағы уақытта жіберіп алмаңыздар!

Ордабасы ауданынан  Жамбыл ауданына көшіп келген отбасылардың бірі Сырмановтар әулеті. «Еңбектің» шарапатын көрген олар жергілікті әкімдіктің көмегімен 2016 жылы Мамлют ауданына жайғасады. Көпбалалы отбасы бүгінде қос бірдей баспанаға ие болып, ірілі-ұсақты төрт түліктің басын түгендеп, жеке кәсібін өрге дөңгелетуде. Ал, отанасы Гүлшехан Сырманова 6 құрсақ көтеріп, балалар үйінің екі баласын да бауырына басқан. Еңбектің ебін тапқандар ендігі жерде балабақша ашуды жоспарлап отыр. 2000 шақырымдық жолды артқа тастап, азық-түлікпен артынып-тартынып жеткен біздерді сағынышпен қарсы алды.

Айтып өтейік, түркістандық делегация құрамында облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Шымкент қаласы бойынша жетекшісінің орынбасары, «Нұр Отан» Партиясының мүшесі Мұхит Көшенов, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Түркістан облысы бойынша жетекшісінің орынбасары, «Нұр Отан» Партиясының мүшесі Бегалы Мұхамедов, «Қазығұрт айнасы» газетінің бас редакторы Райымбек Айтубаев, «Нұр Отан» Партиясының мүшесі Қанат Бекбердиев   және «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы бар.

«Айғақ-Ақпарат»

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

Шымкентте саябақтар мен көшелерде қаңғыбас иттер қаптаған. Мамандардың айтуынша, мәселенің бір ұшы — жануарларды бақылаусыз қалдыратын тұрғындардың өзінде. Дендрологиялық саябақта...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.