• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Сәуір 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Өмірзақ Шөкеевтің «Қамқорлық» жобасы Солтүстіктегі түркістандықтарға жетті

07.02.2020
0

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс деп атап өткен болатын. Ал, 2015 жылдан бері елімізде жүзеге асырылып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасының мақсаты — халқы тығыз орналасқан оңтүстік өңірі тұрғындарын жұмыс күші жетіспейтін солтүстік аймақтарға қоныстандыру. Осының негізінде  Түркістан облысы бойынша өткен жылы 288 отбасы қоныс аударса, жалпы бүгінге дейін  1 500-ге жуық жанұя теріскейге барып, тұрақтап қалды. Аталған бағдарлама аясында Солтүстік жеріне барып өз кәсібін өрге дөңгелетіп отырған жерлестерімізге  Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасын Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты, «Nur Otan» Партиясының мүшесі  Дулат Әбіш жалғастыруды қолға алды.

2020 жылдың 7-10 ақпан күндеріне Солтүстік Қазақстан облысына жоспарланған сапар аясында түркістандық бір топ делегация әуелі Петропавл қаласынан 38 шақырым қашықтықта орналасқан Мамлют ауданына ат басын бұрды. 18 мың тұрғыны бар ауданда  24 мектеп бар, ал  білім алатын оқушылар саны небәрі  2500 ғана. Ал, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында бір мектептің өзінде 2500 бала оқып жатқан білім ұялары бар.

Сондай-ақ, сапар барысында «Серпін» жобасының негізінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алып жатқан шымкенттік және түркістандық жастармен жолығудың реті түсті. Айтып өтейік, аталмыш бағдарламаның мақсаты — жоба арқылы жұмыс күші тапшы өңірлерге халық саны көп облыстардан жастарды әкеліп,  жергілікті оқу  орындарында   қажет мамандықтар бойынша білім беріп, сол жерде  жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу болып табылады.

Мәселен, Түркістан облысының Жетісай қаласынан келген Жазира Жорабаева өткен жылы  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, жергілікті орта мектептердің біріне мұғалім болып орналасқан. Ал,  Дина Серікбайқызы 2 жыл бұрын Төлеби ауданының Ұйымшыл ауылынан Теріскейдегі Мамлют ауданына қоныс аударады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген Дина Серікбайқызы 400 балаға шақталған Пакровка атындағы жалпы орта мектебінде психолог мамандығы бойынша жұмыс жасауда. Сонымен қатар, биология пәнінің мұғалімі Фарида Итбанова да 2017 жылы Ордабасы ауданы Темірлан елдімекенінен отбасымен осында қоныс аударыпты. Оңтүстіктің жайма шуақ ауа-райына үйренген ол, алғаш көшіп  келгенде күннің суықтығынан қиналғандығын айтады. Алайда, еңбектің  ебін тапқан Фарида «мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек бізге талпыныс сыйлады», — дейді. Осылайша,  теріскейге  келіп бүгінде елдің ертеңі болатын жастарға сапалы білім саналы тәрбие  беріп жүрген ұстаздар мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайларды айтып өз алғыстарын  білдірді. Алдағы уақытта жеке кәсібін бастауды жоспарлап отырған олар «келем дейтін азаматтарға құшағымыз ашық, қолдау көрсетеміз» деп отыр.

«Айғақ-Ақпарат»

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.