Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ө. ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАН – ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
    Айғақ MEDIA

    Ө. ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАН – ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.02.2020322 Views

    «Біз, Түркістан қаласына тарихи мәртебе беру – Елбасының жобасы екенін естен шығармауымыз керек. Сол себепті, тарихи қаланың ерекшелігін сақтай отыра, оны заманауи бағытта дамытудың негізгі үш бағытын жүзеге асырып келеміз. Ол үш бағыттың бірі –Тарихи-мәдени аймақ. Екіншісі – әкімшілік-іскерлік орталық, үшіншісі – ескі қаланы жаңғырту», деді облыс әкімі Ө. Шөкеев Түркістан қаласының әкімі Р. Аюповтың халыққа есеп беру кездесуінде.

    Облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға берген өңір басшысы бірқатар тапсырма жүктеді.
    «Түркістанды дамытуда өзекті мәселелердің бірі – қала халқын 100 пайыз табиғи газбен және сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету. Себебі, табиғи газбен толық қамту арқылы қаланың экологиялық ахуалын жақсарта аламыз», деген Өмірзақ Естайұлы жаздың аптап ыстығында қолайлы климат қалыптастыру үшін қаланы суландыру мен көгалдандыруды қолға алу міндетін атап өтті, — деп хабарлайды Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі.

    «Қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушылар тарапынан тұрғын үйге деген сұраныс артуда. Осыған сәйкес, салынатын тұрғын үйлердің санын арттыру және сыртқы келбеті мен сапасына мән беруді; Тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылыммен (абаттандыру, газ, су, кәріз, электр жарығы, жылу, байланыс торабы, т.б.) толықтай қамтамасыз етуіміз керек».
    Басты мақсат – Түркістан қаласын тұрғындары мен қонақтарына жайлы, қауіпсіз, таза, көрікті де әсем қалаға айналдыру», деді Ө. Шөкеев.
    Айта кетейік, әкімшілік іскерлік орталығында жалпы ауданы 575,8 мың шаршы метр немесе 7459 пәтерді құрайтын 156 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2019 жылдың қорытындысымен 32 үйдің құрылысы аяқталып, 1701 пәтер пайдалануға берілді.
    Сондай-ақ, 2019 жылы қала бойынша 100 көше асфальтталса, биыл тағы да 100 көшеге асфальт төселетін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.