Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды қарады
    Айғақ MEDIA

    Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды қарады

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.01.2020522 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды.

    Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М. Әбілқасымова, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасарлары Р. Скляр мен Б. Сапарбаев  баяндама жасады.

    Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Үкімет шараларының кешені осы жылдың соңына дейін мемлекеттік аппарат құрылымын оңтайландыруды, бәсекелестікті қорғау жөніндегі жұмысты күшейтуді, «Техникалық реттеу туралы» заң жобасын дайындауды, сертификаттаудың ұлттық жүйесін дамытуды, осы жылдың бірінші жартысында салық жүйесін реформалауды, 2025 жылға дейін сауда саясатының бағдарламасын әзірлеуді, биыл бизнестің бірыңғай ақпараттық сервиске қол жеткізуін қамтамасыз етуді және т. б. қамтиды.

    «Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандықтардың нақты табысы мен тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді», — деді А. Мамин.

    Премьер-Министр инвестицияларды белсенді түрде тарту, экономиканың шикізаттық емес секторларын, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру Үкіметтің әрбір мүшесі мен әкімдердің негізгі басымдықтарына айналуы тиіс екенін атап өтті.

    «Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар кешенін ұсынды. Жауаптылар мен орындалу мерзімдері анықталды. Енді үйлесімді жұмысты ұйымдастыру қажет. Президенттің алға қойған барлық міндеттері нақты орындалуы тиіс. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары дербес жауап береді», — деді А. Мамин.

    ҚР Президентінің өнімсіз бюджет шығыстарын қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет басшысы министрлерге, өңірлердің әкімдеріне және ұлттық компаниялардың басшыларына бір апта мерзім ішінде Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

    «Қаржы министрлігі 2 аптадан кейін Үкімет отырысында өнімсіз бюджет шығыстарын қысқарту бойынша әзірленген тәсілдер туралы баяндасын», — деді А. Мамин.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.