Кездесуде тараптар Абу Даби еркін экономикалық аймағының «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлескен жобаларының жүзеге асырылуы жайында әңгімелесті. Ахмед Әли Әл Сайихтың айтуынша, өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде нақты жоспарлары бар.
Мемлекет басшысы «Abu Dhabi Global Market» еркін экономикалық аймағының елімізде атқарып жатқан жұмысына ризашылық білдіріп, қаржы нарығын реттеу саласындағы ықпалдастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.АҚОРДА