Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай ғылыми конференция өтті
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай ғылыми конференция өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.11.2019488 Views

    Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасының бастамасымен мемлекетті аяқтан нық тұрғызу бойынша түрлі идеялар саяси-экономикалық реформалардың іске асуына, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына үлесін қосуда. Осы орайда, Түркістанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған ғылыми конференция өтті.

    Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жазушы, Елбасының курстасы Каримов Асетулла, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан жоғарғы медицина колледжінің жастар ұйымының төрағасы Дүкенбай Бақытжан Әбенұлы қатысты. Конференцияны ашып жүргізген С.Қалқаманов Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты, нәтижесінде бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен татулықтың мекеніне айналғанын атап өтті.

    «Елбасымыздың Түркістан облысына, оның орталығы Түркістан қаласына ықыласы ерекше екенін білесіздер. Біздің алдымызда Елбасы сенімін ақтап, Түркістанды Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру үшін тер төгіп, аянбай еңбек етуіміз керек», деді облыс әкімінің орынбасары Қалқаманов.

    Елбасының облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жөніндегі Жарлығының арқасында Түркістан көркейіп, киелі шаһардың жылнамасы жарқын оқиғалармен толығып жатыр. Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев бұрынырақ жарық көрген «Президент пен перзент» кітабының жазылудағы ел білмейтін деректерімен бөлісті.

    Шарада Ұлт Көшбасшысының Қазақстанды дамыту жолындағы қайраткерлігі, ұлтқа деген қызметі, тұлғалық қасиеті ашыла түсті. Айта кетейік, Елбасы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері киелі Түркістан облысына 36 рет ресми сапарлап келген. Оның 36-шы сапары жуырда 4-5 қараша күндері болып өтті.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.