Белгілі тарихшы, археолог — Бауыржан Байтанаев Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар деп қуана жар салды. 17 жыл бойы Шымкент қаласына зерттеу жүргізіп, құнды деректерді ЮНЕСКО-ның қарауына ұсынған болатын. 2019 жылдың 28-қарашасы күні ЮНЕСКО-ның бас конференциясы халықаралық күнтізбеге екі бірдей датаны енгізіп отыр. Келер жылы ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Шымкенттің 2200 жылдық тарихын тойлау мақұлданды. Францияның Париж қаласынан жеткен бұл қуанышты жаңалықпен Бауыржан Байтанаев бөлісті. «Айғақ» телеарнасының редакциясына арнайы келіп, мегаполис тұрғындарын құттықтады.
Сұхбатты ютуб арнасына кіріп көре аласыздар. Ссылкасы төменде тұр. https://www.youtube.com/watch?v=oz8xudqJpo4
«Айғақ» ақпарат