• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Ақпан 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстан мен Беларусь Президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

31.10.2019
0

      Екіжақты шағын және кеңейтілген келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенко Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Журналистер алдында сөйлеген Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасындағы табысты әрі тиімді ынтымақтастықтың негізін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко қалағанын атап өтіп, Беларусь көшбасшысының бұл сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жалғасы саналатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың ТМД кеңістігіндегі ең тәжірибелі саясаткерлердің бірі екеніне тоқталып, соңғы жарты жылдың ішінде онымен үшінші рет ресми кездесіп отырғанын және бұл екі тараптың да ынтымақтастықты өзара тереңдетуге және дамытуға деген ұмтылысын көрсететініне назар аударды.

Мемлекет басшысы тараптардың екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың бірқатар маңызды бағыттарына, ең алдымен, сауда-экономика саласына қатысты ортақ пікірге келгенін айтты.

– Былтыр өзара сауда көлемі шамамен 800  миллион доллар болды. Бұл – жақсы үрдіс, бірақ жеткілікті емес. Сондықтан бұл жұмыс келешекте де жалғасын табады деп үміттенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті тауар айналымын және жеткізілетін тауарлар санын ұлғайту үшін екі ел Үкіметтері арасында Арнайы ұзақмерзімді жоспарды әзірлеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін хабарлады және Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев брифингке қатысушылардың назарын Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара өнеркәсіптік іс-қимылдарды күшейту туралы келісімге аударды.

– Қазіргі уақытта Қазақстанда Беларусь капиталының қатысуымен 340-қа жуық кәсіпорын жұмыс істейді. 8 бірлескен кәсіпорын ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы техникасын шығарумен айналысады, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекеттердің географиялық ерекшеліктеріне тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің өзара қарым-қатынастарында маңызды рөл атқаратын көлік-транзиттік іс-қимылдары жөнінде айтты.

– Егер Қазақстан Азияға ашылған қақпа болса, Беларусь Еуропаға салынған көпір. Сондықтан елдеріміздің «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасының бір бөлігі болуы бекер емес. Оның жүзеге асырылуы сауда-экономикалық байланыстарымызға тың серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен көлік-логистикалық компанияның жұмысын оң бағалады. Қазақстан мен Беларусь бұл кәсіпорынның акционерлері саналады. Президенттің айтуынша, компанияның соңғы үш жыл ішіндегі қызметінің нәтижесінде Қазақстан мен Беларусь арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша контейнерлік темір жол тасымалы шамамен 6,5 есеге артқан.

Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің, «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің, Минскідегі жоғары технологиялар паркінің табысты қызметін үлгі ете отырып, IT саласындағы өзара ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті.  Сондай-ақ қаржы саласына қатысты «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында ықпалдастық орнатуды ұсынды.

Қазақстан Президенті екі мемлекеттің өңірлер арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға ниетті екенін мәлімдеді.

– Бұл үшін Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізудің перспективаларын қарастыру мәселесі ұсынылды. Бүгінде Қазақстан мен Беларусь мұндай тәжірибені өзге мемлекеттермен ықпалдастықта жүзеге асырып отырғандықтан, өңірлер деңгейінде де ынтымақтастығымыз табысты болады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңызды деп санайтынын айтты.

Президент келіссөздер барысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өту мәселесі де көтерілгенін атап өтті.

– Сол сұрапыл жылдары барлық кеңес халқы сияқты қазақ-беларусь халықтары да неміс басқыншыларына тізе қосып қарсы шықты. Басқыншылар әскерінің алғашқы соққысын қабылдаған Беларусь ең ауыр шығынға ұшырады. Біз әкелеріміздің ерен ерлігін ұмытуға хақымыз жоқ. Қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етуге міндеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Сонымен қатар Президент келіссөздер барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқанын айтты.

– Бүгінде Қазақстан мен Беларусьтің әлемдегі ахуалдың дамуына қатысты көзқарастары ортақ және оны бірдей бағалайды. Сондай-ақ екі ел БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және Еуразиялық экономикалық одақ сияқты түрлі халықаралық құрылымдар аясында конструктивті ынтымақтастық орнатқан. Беларусь елі Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде біздің көрсеткен қолдауымыз өзара тиімді іс-қимылдардың дәлелі болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың сапары өзара сенім мен түсіністік рухында өткенін айтып, қол жеткізілген уағдаластықтар мен қабылданған шешімдер екі ел халықтарының игілігіне қызмет ететіне сенім білдірді.

Akorda.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.