Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өмірзақ Шөкеев: «Түркістан түндері жайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс»
    Айғақ MEDIA

    Өмірзақ Шөкеев: «Түркістан түндері жайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс»

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.10.2019298 Views

    Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Шөкеев күн батқанда шаһарды аралап, түнгі уақыттағы қаланың тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы шаһардағы  екі шақырым жерде жаңадан орнатылған жарықтандыру желісінің құрылысын көріп, ерекшеліктерінен хабардар болды. Заманауи үлгідегі ақылды сыртқы жарықтандыру жүйесінің  жарықшамдары ылғалға, кез-келген ауа-райына төзімді келеді.

    Электр жарығын тұтынуда үнемді әрі оны қашықтан басқарып отыруға болады. Бүгінде қала көшелерінде сондай-ақ, бейнебақылау камералары да орнатылған. Бұл құралдар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында қойылған. Сонымен қатар шұғыл жағдай орын ала қалған кезде  тәртіп сақшыларының жедел әрекет жасауына септігін тигізеді. Дегенмен бақылау камералары қаланың санаулы көшелерінде ғана кездеседі. Ал, барлық көшеге орнату мәселесі  қаржыға  келіп тіреледі.

    Сондықтан пилотты жобада ұсынылған жарық желісі әлі қарастырылатын болады. «Заманауи үлгідегі сыртқы жарықтандыру жүйесінің жарықшамдары ылғалға, кез-келген ауа-райына төзімді болғаны дұрыс. Оның үстіне электр жарығын тұтынуда үнемді болғаны да қолайлы. Бастысы — Түркістан түндері жарық әрі қауіпсіз болуы керек»,-деді Өмірзақ Естайұлы. Қала басшылығының айтуынша,  алдағы уақытта Түркістан көшелерінде сыртқы жарықтандыру желісі мүмкіндігінше жаңартылады.

    Жыл соңына дейін көшенің 24 пайызы жарықшамдармен қамтылады деп күтілуде. Аймақ басшысы бұл күні облыс орталығында  жаңадан бой көтерген «Ақжайық»  музыкалық мектебінде де болды. Батыс Қазақстан облысы тарту еткен екі қабатты ғимараттың құрылыс жұмысы қазір толық аяқталған. Дизайны ерекше үлгіде салынған нысан жақын арада пайдалануға берілмек. Музыкалық мектептің 550 орынға есептелген концерт залы, конференц залы, оркестрлік бөлмелері және демалыс аймағы бар. Ал, қабырғалары жоғары сапалы акустикалық панельмен қапталған.                                            Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.