Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: облыс прокуроры 11 азаматты қабылдады
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: облыс прокуроры 11 азаматты қабылдады

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.10.2019520 Views

    «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысының прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы бір топ азаматты қабылдады. Облыстың бірнеше аймақтарынан келген 11 тұрғын партия ұсынған мүмкіндікті пайдалана отырып өздерін мазалаған мәселелер бойынша талап-тілектері мен арыз-шағымдарын айтты.

     

    Мысалы, түркістандық тұрғындар Камшат Абсаттарова мен Мырзахан Байдаулетов, түлкібастық Азімбек Молдашов, кентаулық Эркин Паттулаев заң қызметкерлерінің іс-әрекетіне наразы болып келген екен. Байдаулетов Мырзахан жеке айыптау мәселесі бойынша қозғалған қылмыстық істің созбалаңға салынып отырғандығы туралы, Азімбек Молдашұлы қылмыстық іс бойынша куәгерлердің берген жауаптарымен келіспейтіндігі жайлы шағымданды. Сот шешімімен келіспейтіні жөніндегі шағымды Эркин Паттулаев айтты. Әділдік іздеп жүрген тұрғындардың жанайқайын тыңдаған облыс прокуроры шағымданған азаматтардың мәселелерін назарда ұстайтынын жеткізді.

    Қоғамдық қабылдауға жер мәселесімен келген шағымданушылар да болды. Түркістандық Айменова Айгүл бетон заводының жеті жылдан бері үйіне зақым келтіріп жатқандығы жөнінде, Бейсенбаева Ажар жеке меншік дүкенінің заңсыз бұзылуы (снос) жөнінде, ал Абдуллаева Аяжан Сайтханққызы Түркістан қаласының Отырар мөлтекауданынан берілген үйінің құжатын ала алмауы жайлы шағымданса, тағы бір түркістандық Мамбетов Махсат анасының атына берілген 10 соттық жер телімін қаланың құрлысына байланысты мемлекет қайтып сатып алғанын, бірақ қаржыны 8 айдан бері қала әкімшілігі бермей отырғаны жайлы арызданды.

    Қабылдауға келген азаматтарды мұқият тыңдаған Нұрғалым Мәжитұлы арызданушылардың арызына қарай кеңес беріп, өз бақылауына алатынын, оң шешімін табуды қадағалайтындығын айтты.

     

     

    Балаларына алған жерлерін әкімшілік алып қойғаны мен тұрғын үйге кезекке тұрған ұлдарының кезегінің бұзылғандығы жөнінде мәселе қозған Қарашық елді мекенінің тұрғыны Налибаева Оралай мен мүгедек ұлының ісі бойынша Кентау қаласынан келген Байымбетова Сауленің арыздары да тыңдалып, қанағаттандырылды.

    «ҚазТрансГазАймақ» АҚ орнатқан тарифына қарсы арызы бойынша Сайрамнан келген Жанібеков Ергалиға да көмек көрсетілетін болды.

    «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Тәжібаев: «Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың тілектерінің орындалуы партия бақылауында болады. Алдағы уақытта да мұнда түрлі саладағы басшылар келіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді. Өйткені, бүгінгі таңда «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесі облысымыздағы билік пен бұқараны тоғыстыратын алаңға айналып отыр», – деді.

    «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.