Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Мешітке келуші жамағатқа имамдар медициналық сақтандыру жүйесін түсініруде
    Айғақ MEDIA

    Мешітке келуші жамағатқа имамдар медициналық сақтандыру жүйесін түсініруде

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.10.2019258 Views

    Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастауымен барлық мешіттегі имамдар жамағатқа медициналық сақтандыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осылайша дін өкілдері Алла үйіне келуші азаматтарға денсаулықты сақтандыру туралы насихаттап, келер жылдан бастап іске асатын денсаулық сақтау саласындағы жаңа жүйенің дамуына өз үлестерін қоспақ.

    Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мамандары мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері 200-ден мешіт имамдарына семинар дәрісін өткізген. Мұндай түсіндіру жұмыстарынан кейін иамдардың өзі жергілікті емханаларына барып, мәртебелерін анықтаған.

    «Бізде Шымкент қаласы бойынша 280-ге тарта имам болса, оның 220-сы емханаға барып мәртебелерін анықтаған. Имамдар медициналық сақтандыруды жәй ғана біліп қоймай, мешітке келуші жамағаттарға бұл тақырып туралы кеңінен түсіндіруді қолға алдық. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар әдетте мешітке көп көмек сұрап келеді. Міне осы азаматтарға да мемлекеттен көрсетілуі тиіс медициналық көмектер туралы да айтып береміз»-дейді Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары Мұхаммед Естеміров.

    Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты бағыты мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді емес азаматтарына жарна төлейді. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген дербес төлеушілер – өздері үшін жарна төлейді. Осылайша, «сен бүгін басқаларға, ертең олар саған көмектеседі» деген ортақ жауапкершілік қағидаты бойынша, медициналық көмекке мұқтаж адамдарға мұқтаждығы төмен азаматтардың есебінен қызмет көрсетіліп, қаржыны тиімді бөлуге мүмкіндік береді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.