Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлері дәстүрлі жалпықалалық сенбілікке қатысты.
«Бұл жолы көгалдандыру мен абаттандыру орны Мәңгілік ел және Ұлы дала даңғылдарының қиылысы болды. Шара барысында аймаққа жүзден астам терек, қарағай, шаған және бөртегүл көшеттері отырғызылды. Ағаштар мен көшеттер елорданың жасыл белдеуінде орналасқан орман питомнигінен жеткізілді», — деді палатаның баспасөз қызметінен.