• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері

10.10.2019
0

2019 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай – АӘК) 99,7 мың отбасыға немесе 577,8 мың адамға тағайындалды (оның ішінде  352,4 мың бала немесе 61,0 %), оның ішінде 65,7 мың отбасы – көп балалы, — деп хабарлайды Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева.

АӘК алушылардың еңбекке қабілетті 32,5 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, олардың 24,8 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған барлық жұмысқа қабілеттілер (АӘК өтініш берген сәтте жұмыспен қамтылғандар және БЖТ төлеушілер) 90,5 мың адам немесе  жалпы саннынан 34% — ын құрады.

АӘК төлеуге көзделген 60,7 млрд.теңгенің (оның ішінде РБ — 55,6 млрд.тг, ЖБ — 5,1 млрд.тг.), 43,0 млрд.теңгесі немесе 71,0%  игерілді.

Дегенмен, облыста АӘК алушыларға жүргізілген мониторингі қолданыстағы заң нормаларының бұзылғанын, қайта тексеруді талап ететін 18,5 мың фактіні анықтады.

Жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесімен бүгінгі таңда 3,1 мың отбасына төлемдер тоқтатылды, 4,2 мың отбасына АӘК бас тартылды, 7,3 мың отбасына АӘК сомасы қайта есептеленді. Заңсыз төленген 35,7 млн.теңгеден астам АӘК сомасы кері қайтарылды.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйекіндегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру үшін министрлік тарапынан заң жобасы әзірленіп, оның шеңберінде АӘК көрсетудің қолданыстағы тетігін өзгерту көзделген, заңнамалық түрде аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет анықталатын болады, бұл ретте көп балалы отбасылар бұрынғыдай мемлекеттің қолдауымен қамтылатын болады.

Негізгі қағидат — мемлекет нақты көмекке мұқтаж адамдарға көмектесетін болады.

Мемлекет бірінші кезекте балалар мен көп балалы отбасыларға көмектесетін болады. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуге тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Сондықтан шаралар кешені 3 бағытты қамтиды:

біріншісі – көп балалы аналарды жеке санатқа шығару және оларға кепілді жәрдемақы беру, бұл ретте көп балалы отбасы-аз қамтылған отбасы деген стереотип алынып тасталады. Бұдан басқа, бұл көп балалы аналардың материалдық жағдайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, олардың беделін мойындайтын болады, елдегі бала туу деңгейін арттырады;

екінші – аз қамтылған азаматтарды қолдау және оларды жұмысқа орналастыруға ынталандыру;

үшіншісі — барлық АӘК алушылардың балаларына заттай қолдауды қамтитын кепілді пакет ұсынылатын болады.

  1. Көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы:

АӘК алатын балалардың 60% — ы көп балалы отбасылардың балалары.

Облыста көп балалы — 86,6 мың отбасы (ҚР 25,4%) немесе 371,7 мың бала (ҚР 26,2%), 4 баладан – 56,9 мың отбасы немесе 217,7 мың бала, 5 баладан – 24,4 мың отбасы немесе 121,8 мың бала, 6 баладан – 4,8 мың отбасы немесе 28,6 мың бала, 7 және жоғары баладан – 508 отбасы немесе 3,6 мың бала.

Сондықтан, көп балалы отбасылар үшін республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақылар енгізіледі.

Аталған мемлекеттік жәрдемақы табысқа қарамай және 4 және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға төленеді.

Бұл жәрдемақының мөлшері балалар санына байланысты сараланған болады, әр балаға орта есеппен 10-11 мың теңгеден және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған ұқсас жәрдемақы мөлшерінен 4-7 есе артық болады.

Бұл көп балалы отбасыларға қосымша қолдау көрсететін болады.

  1. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделі:

АӘК аз қамтамасыз етілген отбасыларға, оның ішінде көп балалы отбасыларға облыстық КД 70% өлшеммен төленетін болады.

Отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері, бұрынғыдай, КД 70% мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылықты құрайтын болады.

АӘК тоқсан сайын тағайындалады және төленеді, учаскелік комиссиялардың жұмысы күшейтіледі.

АӘК- тің басты шарттарының бірі-отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі және отбасы үшін жауапты болуы тиіс. Осыған байланысты АӘК шартты ақшалай төлем түрінде және «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетін барынша пайдалануға қолдау көрсетілетін болады және аз қамтамасыз етілген отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға басымдық беріледі.

Мемлекет субсидиялайтын жұмысқа, бос жұмыс орындарына жұмыс, жеңілдетілген шағын несие және бизнесті ашу үшін қайтарымсыз гранттар ұсынылады.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына көп балалы отбасыларды кіші және шағын бизнеске (оның ішінде үйде) тарту бойынша құралдары енгізіледі:

— микрокредит беру мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту;

— номиналды сыйақы ставкасын 4% дейін төмендету;

— тұратын жеріне қарамастан (қала/ауыл) берілетін микрокредит сомасын шектеуді алып тастау;

— аз қамтылған және көп балалы отбасыларды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша нысаналы индикаторды бекіту (микрокредиттер, гранттар беру).

Сонымен бірге, бұл ретте, еңбекке жарамды отбасы мүшесі жұмыстан және жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан жағдайда, АӘК төлемі бүкіл отбасыға тоқтатылатын болады.

  1. Аз қамтылған отбасыларға кепілдірілген әлеуметтік пакет:

Кепілдірілген пакет келесіні қамтиды:

— мектепке дейінгі жастағы балалар үшін: балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтары (бір балаға 5302 теңге).

— мектеп жасындағы балалар үшін-мектептерде ыстық тамақ, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу және жол жүру шығындарын өтеу (тамақтану: бір балаға 6628 теңге, күніне 300 теңге, жол жүру: әр балаға 2069 теңге, киім және мектеп керек-жарақтары: 25000 теңге КД 40% төмен табысы бар балаға).

Шағын бизнеске тарта отырып, балалары бар аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамту және әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Ол үшін үй бизнесімен айналысу үшін дағдыларды алу бойынша қолдау көрсетіледі. Нәтижесінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың еңбек әлеуеті ынталандырылады, оларды кәсіпкерлікке тарту бойынша мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.