• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Семейге жұмыс сапары: 2025 жылға дейінгі қаланы дамыту жоспары және Абайдың 175 жылдығына дайындық

09.10.2019
0

Семей қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қала активімен Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Абайдың 175 жылдығын атап өтуге дайындық жөнінде кеңес өткізді.

Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2025 жылға дейінгі жоспарлар туралы қала әкімі Е. Сәлімов, бірінші қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұлов, ұлттық экономика вице-министрі Е. Алпысов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Қамалиев баяндады.

Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарында 56 іс-шараны іске асыру қамтылған, оған 260,2 млрд теңге қаржы қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 98,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 85,5 млрд теңге, 76,1 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестициялар қарастырылған. Инвестициялар кәсіпкерлікті дамытуға, АӨК, тұрғын үй құрылысына және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына бағытталатын болады.

Кешенді жоспар шараларын іске асыру 2025 жылға қарай ЖІӨ 1,6 есеге арттыруға (нақты мәнінде) немесе номиналды мәнінде 300 млрд теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. 4 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылады, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 19%-ға ұлғайып, 43 млрд теңгені құрайтын болады. 133 көпқабатты немесе 702,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізу жоспарланған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың үлесі 73,6%-дан 95%-ға дейін жеткізілетін болады.

«Семей еліміздің мәдени және рухани мұрасында және Қазақстанның тәуелсіз тарихында ерекше орын алады. Елбасы Н. Назарбаев бұл өңірге, Семей қаласына, ерекше қамқорлықпен қарайды. Бұған дейін Елбасының тапсырмасы бойынша Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013-2017 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданған болатын. Осы жоспарды және басқа да бағдарламаларды іске асыру есебінен соңғы бес жылда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 38%-ға, ауыл шаруашылығы өнімдері – 63%-ға, бөлшек саудадағы тауар айналымы – 1,6 есе, негізгі капиталға инвестициялар – 1,4 есе, бюджет көлемі – 1,8 есе ұлғайды. Соңғы жылдары сонымен қатар тұрғындар санының өсуінде оң динамика байқалып отыр», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр Үкіметтің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп отырған Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспарын мақұлдағанын атап өтті.

Үкімет басшысы Кешенді жоспарда қарастырылған іс-шараларды уақытылы әрі сапалы орындау бойынша тиісті шараларды қабылдауды, сондай-ақ, қаражаттардың уақытылы әрі тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы айта отырып, А. Мамин Үкіметтің халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейлерде 500-ден астам іс-шараны қамтитын жоспардың орындалуына ерекше бақылау орнататынын атап өтті.

«Ел Президенті мерейтойды мемлекеттік деңгейде атап өтетінімізді айтты. Абайдың отанына әлемнің түпкір-түпкірінен қонақтар келеді. Сондықтан, біздің басты міндетіміз – барлық жоспарланған шараларды лайықты түрде ұйымдастырып, өткізу», — деді Премьер-Министр.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жер» және ИИДМБ іске асырылуын бақылау, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша тапсырмаларын орындау аясында Асқар Мамин «СемАз» ЖШС және «Daewoo Bus Kazakhstan» автомобиль құрастыру кәсіпорындарының жұмысымен, «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің салыну барысымен, сондай-ақ «Қарағайлы» ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.