Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жариялады
«Сапар барысында Елбасы Президент Владимир Путинмен кездесіп, «Қазақстан» ұлттық павильонына барып, Мәскеу күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады», — деп жазған Айдос Үкібай.
Tengrinews.kz