Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда қоғамдық көліктердің саны артады
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда қоғамдық көліктердің саны артады

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.09.2019347 Views

    Түркістан қаласының тұрғындары үшін қоғамдық көліктер мәселесі әрдайым жіті назарда. Облыс орталығындағы автобустардың сапасын арттыру жұмыстары жанданып келеді. Жыл басында қаладағы қоғамдық көліктердің қатары 16 автобуспен толыққан болатын, енді олардың қатарына жуырда «Yutong» маркалы 5 автобус қосылды.

    Автобустардың барлығы бірыңғай жасыл түспен боялған. Онда Түркістан қаласының логотипі белгіленген. Ұзындығы 8,5 метр. Сыйымдылығы 28 орындық, қосымша 30 адамды мінгізуге қауқарлы. Автобус ішінде жарнамалық экран мен желдеткіш қойылған.

    Қоғамдық көлікте пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін әрбір аялдама арнайы жүйе арқылы хабарланып отыратын болады. Тіпті, алдағы жылдарда жол ақысын төлеуді цифрландыру ісі жүзеге аспақ. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау үшін артқы есігіне пандус қоюды да қарастыруда. Жаңа автобустар жуырда қала ішіндегі №5, №7, №30, №31 бағыттарында жолаушыларды тасымалдайтын болады.

    Айта кетейік, жыл соңына дейін Қазақстанда жасалған «Сарыарқа АвтоПром» автозауыт базасынан тағы да су жаңа 36 автобус пайдалануға берілмек. Олар шаһарға кіретін 5 бағытты қамтитын болады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.