Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Профессор Жасан Зекейұлы Шымкентте қабылдау жүргізуде
    Айғақ MEDIA

    Профессор Жасан Зекейұлы Шымкентте қабылдау жүргізуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.09.20191 723 Views

    Алтын қолды дәрігер алтын инемен емдеудің қыр-сырын үйретіп жатыр. Тамыр ұстап, дертін тап басып айтып, талай жанның алғысын арқалап жүрген Жасан Зекейұлының Шымкенттегі орталығына «Айғақ» телеарнасының тілшілері арнайы барып, емдік шараларды жүргізу барысымен танысып қайтты. Жақсы адамның жаны жомарт, көңілі таза, ақылы дариядай кең,  – деген қанатты сөз Жасан Зекейұлының авторлық кітабының алғашқы бетінде жазылыпты. Иә, осындай ізгі ниетті алға қойған абзал жан әр келген науқастың халін сұрап, денесін дендеген дертті инемен аластап, бойын дәрілік шөппен қуаттандырады. Тамыр ұстау жайлы да ел ішінде түрлі көзқарас бар. Бірі мұны – бақсылыққа баласа, енді бірі – ғылымның бұл түріне бет бұрып, нәтижесін де көрген.  Бұл орталықтан еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін кездестіруге болады. Дәрігер әрқайсысын жеке қабылдап, диагнозына қарай емдік шараларды да бірден жазып ұстатуда.

    Профессор Жасан Зекейұлының айтуынша, күз айларында жасалатын емдік шара мүлде басқа. Жаз айларындағы аптап ыстықтарда көтерілген қан қысымы мен қыс айларында дендеп кететін суық тиюдің алдын-алуға арналған емдеу курстары жүргізіледі. Асқазан, омыртқа, жүрек ауруларымен келіп отырғандардың да қатары қалың.

    Бұл орталықта қолыңа дәрінің тізімін ұстатып қайтара салу жоқ, толық кешенді нәтижелі ем ұсынады.  «Жас–Ай» медициналық орталығына  алыстан ат шаптырып келіп, шынайы шипагерлігіне алғысын білдіріп жатқан науқастар да өте көп.  Жанды жеген жан ауруынан айығып жатқан ақсақалдар да ақ батасы нағыз еңбектің жемісі екендігін айқындап тұр.

    Анықтама:

    Жасан Зекейұлы — Халықаралық «Жас-Ай» медициналық орталығының Бас директоры, «Жас-Ай» медициналық, ғылыми-ақпараттық журналының Бас редакторы, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Нұр Отан» партиясы «Жас-Ай» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ҚР Ардагерлер Орталық Кеңесінің мүшесі, «Ел-шуақ» қоғамдық, қайырымдылық қорының құрылтайшысы, «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің президенті, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Халықаралық «Сократ» орденінің иегері, Ресей медицина ғылымдарының докторы, Халықаралық Шығыстық емдеу академиясының академигі, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Вена халықаралық университетінің «Құрметті профессоры», Оксфорд Академиялық Одағының және Еуропа медициналық қауымдастығының докторы әрі құрметті профессоры. 500-ге жуық ғылыми-зерттеу мақалалардың, ғылыми еңбектердің авторы. Медицина саласы бойынша 2 патенттің иегері.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.