• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Наурыз 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкентте Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша актив жиналысы өтуде

04.09.2019
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиыны өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімінің төрағалығымен өткен шараға әкімдік қызметкерлері, басқарма басшылары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым және қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Аталған шараны қала басшысы Ерлан Айтаханов ашып, Жолдауда көрсетілген 5 бағытты айшықтап айтып берді. Сонымен қатар әкім белгіленген бағыттарды қалада іске асыру бойынша нақты іс-шаралар мен міндеттер айқындалатынын атап өтті.

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мемлекетіміздің даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық беру – біздің басты борышымыз. Шымкент келесі жылы ТМД-ның басты мәдени қаласы ретінде таңдалғаны белгілі. Мерейлі мерекенің жоғары дәрежеде өтуі үшін қазір дайындық жұмыстары қызу жүргізіліуде. Осы орайда Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін шымкенттіктер бар күш-жігерін қосатынына сенімдімін, — деді қала әкімі.

Жолдаудағы бірінші бағыт бойынша Шымкент қаласы әкімдігіне азаматтардан келіп түскен әр өтініш және жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі қатаң бақылауға алынып, заң аясында нақты шешімін табуы керек екенін айтты. Сондай-ақ, қалада заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтардың тыныштығын бұзбайтын бейбіт акциялар өткізілетін орындар қайта қаралып бекітілетін болады.

 

Президент Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл каражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалатын болады. Бұл бағыт бойынша ағымдағы жылы қалада Әл-Фараби, Еңбекші ауданындағы полиция басқармалары ғимаратында фронт-офистер ашылса, жылдың соңына дейін осындай фронт-офистер Абай және Қаратау аудандарында ашылатын болады.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізу қажеттігін айтты.
2018 жылы Шымкент қаласында жалпы өңірлік өнім 2 трлн. теңгені құрап, 12 пайызға артқан. Осы жоғары деңгейдегі өсім қарқынын сақтап қалу мәселесі көтерілді. Осы жылы Индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында құны 38 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар Жолдауда квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыру қажеттігі айтылды. Бүгінгі таңда қалада 155 квазимемлекеттік сектор субъектілері бар. Одан бөлек, Президент шағын және орта бизнесті дамытуда бірнеше маңызды мәселелерге тоқталып өтті. 2020-шы жылдан бастап микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірленетін болады.
Сонымен қатар, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешім күшіне енетін болады. Бұл қаладағы 66 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс жасайтын 165 мың адамға көрсетілетін қамқорлық.

Жолдау барысында мәдениет қызметкерлерін қолдау шаралары да атап өтілді. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Қазіргі таңда қаладағы мәдениет саласындағы 18 мекемеде 1536 адам жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы олардың еңбекақылары 30 пайызға көбейді. Келесі жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тағы өсетін болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.