Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте «Shymkent bike» велoсипедті жалға алудың автоматты станциясы іске қосылды
    Жаңалықтар

    Шымкентте «Shymkent bike» велoсипедті жалға алудың автоматты станциясы іске қосылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.07.2016423 Views

    Шымкентте «Shymkent Bike» жобасының велостанциясы салтанатты түрде ашылды. Қаладағы велоспорт пен веложол инфрақұрылымын дамытудың осынау жобасын Шымкент әкімдігі мен «Самұрық Қазына» АҚ бірге іске асырып отыр. Жобаның ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, «Самұрық Қазына» АҚ адам ресурсын басқару басқармасының атқарушы директоры Ұлан Тәжібаев, Қазақстанның велоспорт федерациясы қоғамдық қорының президенті, «Самұрық Қазына» АҚ коммуникация бойынша атқарушы директоры Дархан Қалетаев, «Самұрық Қазына» АҚ әлеуметтік жобалар қызметінің жетекшісі Нұрлан Оразалиев және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Ерлан Даримов қатысты.велик 4

    — Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Бүгін баршамыз үшін салтанатты күн – біздің қаламызда Shymkent bike жобасы іске қосылды. Шамамен бір миллиондай халқы бар Шымкент күн санап қарқынды дамып келеді. Бұның барлығы балабақша құрылысынан бастап, мектеп пен осындай жобаларға дейін тиісті инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Яғни велотұрақтар орнату – қазіргі заманның талабы, халықтың қажеттілігі. Климаттық тұрғыдан өте ыңғайлы біздің қала тұрғындарының қызығушылығын арттырып, велосипед жалпыхалықтық көлік қатынас құралына айналады деп сенемін. Бүгінде қаламызда 200 велосипедке арналған 40 тұрақ салынуда. Қажеттілік бойынша оның санын ұлғайтатын боламыз. Әрине, мұнда ұйымдастырушылық мәселелер де жоқ емес. Ол дегеніңіз веложол салу, қауіпсіздік мәселелері, велосипед айдау мәдениеті. Бұл тұрғыда жұмыстар қарқынды жүріп жатыр жəне өз жалғасын табатын болады, — деді Ғ. Әбдірахымов.велик 2Қатысушылар орыс драма театрынан шығып, қалалық әкімдікке дейін велосипедпен барды.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.