Құрметті оңтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді Астана күні мерекесімен құттықтаймын!
Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әрі тікелей жетекшілігімен бой көтерген Елордамыз бүгінде Еуразия кіндігінде ең жас әрі әсем астаналардың қатарында. Ел жүрегі саналатын Бас қаламызда дүниежүзілік, халықаралық деңгейдегі ауқымды шаралар мен ел болашағына арналған келелі кеңестер өтіп, маңызды шешімдер қабылдануда. Бұл өз кезегінде Қазақстанның абыройын әлемдік аренада асқақтатуға септігін тигізуде.
Елбасымыз: «Астана – ең алдымен азаттығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуының, қол жеткен табыстарының, абырой-беделінің, береке-бірлігінің жарқын көрінісі» – деген еді. Бүгінде осы ойдың өміршеңдігіне көз жеткізіп келеміз.
Исі қазақтың арқа сүйер қорғанына, ұлттық идеяның ұйытқысына айналған Елордамыз – Астанаға биыл 18 жыл. Астанамыздың арқасында еліміз дүниежүзіне танылып, қарқынды даму үстінде.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астананың мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiз!
Оңтүстік Қазақстан
облысының әкімі Б.Атамқұлов