Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаxанов Абай ауданына қарасты Жаңаталап елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Мегаполис басшысы өз жұмысын қалаға кейіннен қосылған шағын аудандардың инфрақұрылымын көзбен көруді қолға алған. Сондықтан да, әлеуметтік мәселесі толық шешілмеген Жаңаталапқа арнайы келіп, халықтың мәселесін тыңдады.
Қазіргі уақытта, бұл елді мекен xалқы ауыз суға мұқтаж. 2019 жылдың қараша айына дейін таза сумен толық қамтамасыз етіледі деген уәде, 2023 жылға дейін созылуда деп наразылықтарын білдіруде. Ал, Жаңаталапта мұнан өзге әлеуметтік мәселелер шаш етектен. Тұзды суды күнделікті тұрмыстық жағдайда пайдаланғандықтан, адамдардың денсаулығына да кері әсерін беруде.
Әр күн сайын, шамамен 200-ге жуық жедел жәрдем қызметіне қоңырау түсетіндігін айтып отыр. Сондай-ақ, ажары қашқан әкімдік ғимараты мен мәдениет үйі де жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр. Қоғамдық көліктің де жағдайы мәз емес. 125 нөмірлі газель көлігіне тұрғындар сыймайды, тағы да 2,3 қоғамдық көлік бағытын қосса екен деген ұсыныстары да бар.