30 шілде күні Президент Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі қызметіне кіріскен Ерлан Айтаханов күні кеше Қаратау ауданының Исфиджаб тұрғын алабында болып, халықпен жүздессе, бүгін Абай ауданының әкімдігімен инфрақұрылым жүйелерін аралауда.
Бұл Шымкент қаласындағы кәріз алаңы. «Су ресурстары-маркетингінің» қайта өңдеу жұмыстарын жүргізетін негізгі аймағы Абай ауданының территориясында орналасқан.
Алаңға арнайы келген мегаполис басшысы бұл саладағы мәселелерді реттеуді қолға алып отыр.