Кеше Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Samsung Central Eurasia президенті Юнсу Киммен кездесті. Кездесудегі талқыланған тақырыптардың негізгісі, трансұлттық компанияның қала дамуына қатысуы туралы болды. Бұдан бөлек, кореялық компанияның инновациялары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерінде де қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ Юнсу Ким қала әкімдігі жүзеге асыруды жоспарлаған Shymkent City ауқымды жобасынына қызығушылығын білдірді. Samsung Central Eurasia президентінің айтуынша, компанияның осы жобаға қатысуы оның дамуына айтарлықтай үлесін қосады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі