• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«АЙҒАҚ» — «ҮЗДІК ТЕЛЕАРНА»

29.06.2016
0

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттағаны үшін «Айғақ» — «Үздік телеарна» номинациясын жеңіп алды. Облыстық БАҚ арасында өткен байқауда «Тәуелсіздік шежіресі» аталатын бағдарламалар топтамасы арқылы «Үздік» деп танылған ұжымға өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Расында тәуелсіздіктің ақ таңын, оған жетудегі сүрлеуге толы ел тарихын арна тілшілері кеңінен насихаттап келеді. Төл мереке қарсаңында ұйымдастырылыған мерекелік шарада тың да, жасампаз дүниелері арқылы танылып жүрген әріптестеріміз марапат төрінен көрінді.

Бұқаралық ақпарат құралдары шынында да билік пен бұқараның арасын жалғаушы алтын көпір. Төртінші билік атауын иеленген қауым, қашан да халық арасындағы түйіткілді мәселелерді жариялап, олардың оң шешім табуында үлесі басым жандар. Осы орайда облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов оңтүстікқазақстандық БАҚ өкілдерін төл мерекемен құттықтай отырып, журналистер қауымының қолында тұтас халықтың тағдырын өзгерте алатын қуаттың барын екендігін  ерекше атап өтті. 29 06 Ботагоз Марапат.00_01_04_10.Still003Журналистика – сапалы дүние мен  салиқалы  пікірді қажет ететін қоғаммен тікелей  қарым-қатынастағы сала. Қай кезде болмасын танымдық-тәрбиелік  маңызы  зор дүниелерді, тың  ақпарларды   халыққа жеткізуге бейім, қабілетті жандардың орны биікте. Бұл күні ел дамуының жарқын көрсеткіштерін телеэкран арқылы насихаттаудан танбаған  «Айғақ» телеарнасы ұжымының еңбегі бағаланды. «Үздік телеарна» номинациясын жеңіп алған телеарнаның бас редакторы Эльвира Ортаеваға өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.13558883_1250530794956930_1684483069286743008_oАйта кету керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған аталған байқауға арна тілшілері 25 бағдарламадан тұратын «Тәуелсіздік шежіресі» топтамасын көрермендер назарына ұсынған болатын. Мазмұны егемендік тарихын насихаттауды мақсат тұтқан телехабарларда облыстағы мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен ел басқарған азаматтар туралы естеліктер кеңінен суреттеледі. Тәуелсіздікке деген арнамыздың тартуы.
Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, қателікті кешірмейтін, қашан да жаңалықтың  жақтаушысы болатын  журналистердің еңбегі еселі. Облыс дамуындағы үлес, қажыр-қайрат ескеріліп, «Айғақ» қоғамдық телеарнасының редакторы  Тойболова Салтанат Хайруллақызына облыс әкімі «Құрмет грамотасын» табыс етті. Өзіндік стилі мен журналистикадағы орны айшықты әріптесіміз нағыз өз кәсібін сүйетін жандардың бірегейі.29 06 Ботагоз Марапат.00_04_33_24.Still001Қоғаммен етене  жақын  мамандық  иелерінің негізі мақсаты   халықты  ақпаратпен  қамтамасыз ету. Жаңарған, жасарған  қазақ журналистикасы өкілдерінің саны біздің өңірде  басым. Жалпы өңірімізде 253 бұқаралық ақпарат өкілдері жұмыс жасайды.  Олардың: 175-і газет, 48 журнал, 13 теларна болса, 13-і сайт және 4 радио. Бұл еліміздегі БАҚ-тың 30 пайызын құрайды. Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының шешімімен қаламгерлерге берілетін ең жоғарғы марапат – Қазақстанның «Құрметті журналисі» атағын биылғы жылы біздің өңірде Слам Нұрмағанбетұлына беріліп отыр. Елдің  танымдық және ақпараттық  дамуында  талмай қызмет етіп жүрген  журналистер қауымының жылына бір келетін мерекесі осылайша салтанатты түрде аталып өтілді. Құрмет – еңбекке, марапат – үздікке жасалатындығы тағы бір рет дәлелденді. Әріптестермізге қарымды қаламдарыңыз мұқалмай, еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!

13507143_1716587975273242_6545150142870198215_n

Облыстың үздігі атанған «Айғақ» телеарнасының танымдық дүниелерін тамалашалаушы телекөрермендері жетерлік.  Облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы да арнамыздың тұрақты көрермендерінің бірі. Өңір басшысы осындай мерейлі күнде «миллионер» телеарнаның микрофонын жоғары көтеріп, өзінің ерекше қолдауын көрсетті.  Билік пен бұқараның арасын жалғаушы, алтын көпір «Айғақ» телеарнасы алдағы күндері де өз бағытынан айнымақ емес.

Ботагөз Мәдібек

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.