Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрмеңке өтті
    Жаңалықтар

    Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрмеңке өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.06.2016415 Views

    Шымкентте алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Қала әкімдігі мен «Жұмыспен қамту орталығы» бірлесе ұйымдастырған жәрмеңкенің мақсаты еңбек ұжымдарында жұмыс жасайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үлесін 3 пайызға жеткізу. Осы орайда аталмыш бастамаға қолдау білдірген ұжымдар саны аз болған жоқ. Яғни бұл күні  жалпы саны 550-ге тарта мекеме бос жұмыс орындарын ұсынып,  еңбек жәрмеңкесіне үлес қосты.13503017_1752318341681192_7189488675024127558_oБұған дейін облыс әкімінің қаулысы негізінде еңбек ұжымдарында жұмыс жасайтын мүмкіндігі шектеулі жандардың үлесі 3 пайыздан кем болмауы қажет делінген болатын. Аталмыш  бастама Шымкент қаласында да қолдау тауып келеді. Бұл ретте қалалық «Жұмыспен қамту орталығымен» өткен жылдың өзінде  шахардағы еңбек ұжымдарына 100 шақты  мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасқан. Ал биылғы жылы  мекеменің алдында тағы 700 азаматты жұмысқа орналастыру жоспары тұр. Осылай деген «Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының» директоры Асылжан Жамалбеков тек бүгінгі жәрменкенің өзінен тағы 200 адамды жұмысқа тартуға мүмкіндік бар дейді.13458539_1752318278347865_7749049688857107428_oМүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрмеңкенің бірінші рет өткізіліп отырғандығына қармастан екі қолға бір күрек табылса деген үмітпен келгендер саны аз болған жоқ. Солардың бірі 27 жастағы Айсұлтан Шынәлиев. 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жан жәрмеңке арқылы өзіне лайықты жұмыс іздей келіпті. Оның айтуынша мұндай шаралар мүгедек жандар үшін  тиімді әрі ыңғайлы болмақ.13497629_1752318448347848_3796232582682482211_oБұл күнгі жәрмеңкеге ұсынылған бос жұмыс орындары арасында әр түрлі саладағы қызметтер бар. Мәселен тігінші, шаштараз, оператор, программист, заңгер, бақылаушы, тіпті білім саласына қажетті мамандықтар да ұсынылған. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың әлеуметтік тұрмыстық ахуалдарын жақсартумен қатар, оларға көбірек көңіл бөлу керек. Сондықтан да олар үшін  «Жұмыспен қамту орталығы» шағын несие беріп,  кәсіптерін ашуға да ықпал ету мүмкіндігі  бар.

    Абай Омар

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.