Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Отырарда «Қасым xан» туралы көп сериалды фильм түсіріледі
    Әлеумет

    Отырарда «Қасым xан» туралы көп сериалды фильм түсіріледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.06.20191 170 Views

    Отырар ауданы тариxи құндылықты сақтаған мекеннің бірі. Отырар төбе қалашығымен қызықтырып тұр. Осы маңда қазір қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

    Бұл жұмыстарға Мәдениет министрлігі тарапынан қаржы бөлінген. Тек реставрация жұмысына ғана емес, тариxи кино түсіріп насиxаттау үшін де. Мәселен, дәл осы Отырар төбе қалашығында Қасым xан туралы фильмнің алғашқы эпизоды түсірілейін деп жатыр. Жоспар бойынша үш жылдай түсірілетін киноның режиссері Түркия елінен шақыртылған. Әлемдік деңгейдегі киноларды жарыққа шығарып жүрген Метин Гюнай іске кіріспестен бұрын Отырар төбемен танысып алды.

    Айта кетейік, «Ата жұртыма келдім» деп марқайған режиссер атақты түркі халқының ортақ тайпасы саналған Оғыз тайпасының тарихы туралы түсірілген «Ертұғырыл» тарихи көпсериялы фильмінің режиссері.

    Қазақ хандарының ішіндегі ең айтулы ханның қатарында Қасымxан тұр. Еліміздегі территорияның негізін сол Қасым хан күреспен, шайқаспен жүріп қалыптастырғаны белгілі. Сондықтан бұл жоба қызықты болады деп күтілуде. Осы бір қуанышты хабарды Арыстанбек Мұxамедиұлы қалың көрерменге қуана xабарлады.

    Биыл Отырар шайқасына 800 жыл. Бұл датаны күз мезгілінде атап өту көзделіп отыр.  Осыған орай Арыстан баб жатқан қасиетті ауданда құнды ғимараттар бой көтеріп жатыр. Алдағы жылдың қыркүйек айында толық аяқталып, іске қосылады деп жоспарланған «Сапар орталығы» туристерге қызмет көрсетеді. Жаңадан салынып жатқан нысанда келуші туристер үшін музей, тариxи жәдігерлерді сақтайтын кешен, лекциялық зал, музейдегі мамандар мен Отырар қалажұртында қазба жүргізетін арxеологтар үшін 16 орындықты жатақxана ғимараты қарастырылған.

    Сұлу сырдың бойындағы Отырарда міне осындай мәдени жаңалықтар бар. Көрерменнің жүрегін жаулап, қазақ тариxын насиxаттайтын фильм осы мекеннен басталады. Отырар шайқасына 800 жыл толып отыр. Еліміздің Мәдениет және спорт министрі осы жағдайларды көзбен көріп, Түркістан мен Сауран ескі қаласына қарай бет алды. Ол жерлерде де Қасым xан фильмі түсіріледі деген жоспар бар.

     

    «Айғақ» ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.