Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Шымкент қаласында полиция қызметкерлерімен «Жолда қабылдау» акциясы өтеді
    Әлеумет

    Шымкент қаласында полиция қызметкерлерімен «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.06.2019292 Views

    Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 2019 жылғы 14-15 маусым күндері сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін уақыт аралығында республика көлемінде «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту. Азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

    Акция Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан Диагностикалық орталығының алдында және Шымкент қаласы 11 мөлтек ауданы «Мечта» сауда үйінің алдында өтеді. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Асар мөлтек ауданындағы №2, 4, 6, 8, 10, 12 үйлердің ауласы мен Шымкент қаласы Б. Момышұлы көшесі бойынша орналасқан №8, 8А, 8Б үйлердің ауласында болады.

    Қабылдауда Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика, Көші-қон қызметі, Жол-техникалық инспекциясы, Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау және Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, жүргізушілер мен жолаушылардың сауалдары мен өтініштеріне кәсіби жауаптар беретін болады. Сонымен қатар, 8-72-52-30-10-30 телефоны бойынша «колл-центр» жұмыс жасайды.

                       

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.