• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Каспий теңізінің жағалауында жаңа жоба салынады

01.06.2019
0

31 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, онда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сәуір айында жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуымен танысты. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Үкіметінің басшысы өңір активінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 943,6 млрд теңгені құрады, соның ішінде 20,1%-ға машина жасау өсімін қамтамасыз ету есебінен болды. Негізгі капиталға инвестициялар 121,8 млрд теңгені құрады. Жалпы алғанда, биыл өңірдің инвестициялық қоржыны 1,6 трлн теңгеге 44 инвестициялық жобадан тұрады, олардың ішінде 67 млрд теңгеге 22 жобаны іске асыру 2019 жылға жоспарланған.

Кеңес барысында ұлттық экономика вице-министрі Е. Алпысов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Қамалиев, энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру, өңірде көлік инфрақұрылымын және мұнай-газ кешенін дамыту туралы баяндады.

«Елбасы Маңғыстау облысының дамуына ерекше көңіл бөледі», — деп Асқар Мамин, ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бірқатар стратегиялық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылғанын атап өтті, қазіргі таңда аталған жобалар еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуетін дамытуға елеулі түрде ықпал етуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында өңірде Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру жұмыстары басталды. 67 іс-шара жоспарланған, соның нәтижесінде 16,3 мың жұмыс орны ашылады.

Кеңес қорытындысын шығара отырып, Асқар Мамин Маңғыстау облысы Қазақстанның батыс қақпасы екенін айтып, өнеркәсіп және көлік-логистика салаларын, туризмді одан әрі дамытудың қажеттігін атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Каспий теңізінің жағалауында жаңа жоба салынатын жерде тас салу рәсіміне қатысты. Аквапаркі, спорт алаңдары мен конгресс-холы бар, 2000 орынға шақталған 600 нөмірі бар туристік кешенді 2020 жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру облыста туризмнің дамуына зор серпін береді, аталған жобада 2000-ға жуық жұмыс орнын ашу көзделген.

Каспий теңізінің жағалауы туризмді дамытудың әзірленген мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанның басым туристік аумақтарының үздік ондығына кіреді.

Өңірде жаңа 45 қонақ үй кешенін салу үшін жеке инвестициялар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің басшысына жұмыс сапары барысында инвестициялар көлемі $1,8 млрд астам болатын «Ақтау теңіз порты» АЭА аймағында метанол мен олефин өндіру зауытын салу жоспарлары таныстырылды. Жоба импортты алмастыруға бағытталған, зауытта газ метанолға қайта өңделеді және 40-тан астам өнім атауын шығаруға мүмкіндік беретін басқа да құрауыштар шығарылады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

Айғақ медиа
24.09.2026
0

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл қала бойынша 1300-ден астам азаматты әскер қатарына жіберу жоспарланған. Қазірдің өзінде 340-қа жуық жас...

АСПАНДАҒЫ ӘСЕМДІК, ЖЕРДЕГІ ҚАУІП

АСПАНДАҒЫ ӘСЕМДІК, ЖЕРДЕГІ ҚАУІП

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкент қаласы аумағында пиротехникалық бұйымдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Тиісті ережелерді сақтамау өрттің шығуына, адамдардың жарақат алуына және тұрғындардың тыныштығының...

120 КӨЛІК АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

120 КӨЛІК АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкентте жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілеріне қатысты рейдтер күшейтілді. Жыл басынан бері қалада ережені өрескел бұзған 9 кортеж...

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНА – ЖАҢА ҚАРҚЫН: ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРУДА

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫНА – ЖАҢА ҚАРҚЫН: ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРУДА

Айғақ медиа
23.09.2026
0

ның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұрғындарды баспанамен қамту, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту...

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫ – СПОРТТА ДА КӨШ БАСТАДЫ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫ – СПОРТТА ДА КӨШ БАСТАДЫ

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкент қаласының медицина қызметкерлері кәсіби саладағы жетістіктерімен қатар, спорттағы шеберлігін де танытып, республикалық деңгейдегі додада топ жарды. Қостанай қаласында медицина...

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
23.09.2026
0

Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Игі бастамаға қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдармен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.