Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қала әкімі «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады
    Жаңалықтар

    Қала әкімі «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.06.2016285 Views

    Шымкент қаласы ұлттық бірыңғай тестілеудің қортындысы бойынша облыста екінші орында. Өткен жылмен салыстырғанда екі сатыға жоғарылаған мегаполистің білім саласы, осылайша өзінің оң  нәтижесін беріп отыр. 98 оқушы  «Алтын белгі» иегері атанып, 50 оқушы үздік аттестат арқылы өз білімдерін дәлелдеді. Алтын ғасырдың алтын шәкірттерін қала әкімі арнайы құттықтап, ғылым жолында сәттілік тіледі.

    13433357_1749528125293547_3926155762110755848_o

    Шырайлы Шымкентте биылығы жылы 6430 оқушы мектеп бітірді. Олардың 4072-сі ұлттық бірығай тестілеуге қатысып, өз бақтарын сынады.  Оның ішінде шектік 125 баллды 2 түлек иеленіп, 11 жылдық білімдерінің үздік екендігін айғақтады. Алтын ұя мектептен үлкен өмірге қанат қаққалы отырған  үздіктерді қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы арнай құттықтап, жас түлектерге ерекше қолдау танытты.

    Естеріңізге сала кетейік, облысымызда 6 түлек ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп, 125 балл жинаған болатын. Олардың екеуі Шымкенттен. Марапаттау легі тестілеуден мүлтіксіз ұпай жинаған осы оқушылардан басталды. Олар: №120 жалпы орта мектебінің түлегі Ерасыл Балтабай мен №15 мектеп-гимназиясының түлегі Ақтолқын Асан. Сондай-ақ қала мектептерінен 124 баллды 10 оқушы жиннаса, 120-123 балла арасында 64 оқушы өздерінің үздік білімдерін дәлелдеді. Бірқатар жас түлектер мұнан соң қалалық мәсоихсттық хатшысы Нұрлан Бекназаров пен ардагер ұстаз Сайлаугүл Бараховалардың қолынан өз алтын белгілері мен арнайы сыйлықтарын алды. Мерекелік жиын барысында №58-ші жалпы орта мектептің оқушысы Елтай Бахардин білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға барлық бітірушілер атынан өз алғысын білдірді.

    Оқушының маңдайынан жетістіктің желі ессе, ұстазының арқасы. Өмір жолының алғашқы шыңын бағындырған зерек те, зейінді шәкірттерге ілім берген ұстаздардың еңбегі расында ерен. Бұл күні №65 мектеп-гиназиясының ұстаздарың артқан үміті ақталып отыр. Яғни білім ұясынан 8 бірдей шәкірт алтын белгі иегері атанды.

    Ботагөз Мәдібек

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.