Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бәйдібекте Тәуелсіздік алаңы ашылды
    Жаңалықтар

    Бәйдібекте Тәуелсіздік алаңы ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.06.2016233 Views

    Бәйдібек ауданында мектеп бітіруші түлектерге арналған дәстүрлі «Ақ жол» акциясы өтті. Яғни ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан өтіп үлкен өмірге қадам басқан өрендерге бұл күні ақ тілектер айтылып, білім шыңын бағындырғандар Алтын белгіге ие болды. Айта кету керек, биыл кең көлемде аталып өтілген айтулы шара аудан орталығында жаңадан ашылған «Тәуелсіздік алаңында» ұйымдастырылған. Биыл Бәйдібек ауданындағы білім мекемелерін жалпы саны 691 түлек бітіріп шықса, соның 488-і ҰБТ-ге қатысып бақ сынаған. Яғни 11 жылдық білімдерін сарапқа салған бұл жылғы сынақ аудан түлектері үшін табысты өтті деуге негіз бар. Себебі өткен жылы тестілеудің орташа көрсеткіші бойынша облыстағы аудан, қалалар арасында 7 орыннан көрінген Бәйдібек ауданы биылғы сынақта 5 орыннан көрінген. Сондай-ақ, 6 бірдей түлек жауапты сынақта биік нәтиже көрсетіп Алтын белгілерін ақтап шықса, 5 үздік аттестат иегерлері де жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр. Осы орайда аудан орталығында кең көлемде ұйымдастырылған «Ақ жол» акциясы жаңадан пайдалануға берілген «Тәуелсіздік алаңында» өтті. Айта кету керек, аудан әкімінің бастамасымен биыл еңселі Егемендігіміздің 25 жылдығына тарту ретінде  ауданда 25 нысан пайдалануға беру жоспарланса, бұл алаң сол тартудың бірі болатын. Көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға арналған әсем алаңда өткен  «Ақ жол» акциясы жаңа орында өткен алғашқы шара болатын. Осы орайда салтанатты шараны аудан әкімі Батырбек Көшербай құттықтау сөзбен ашып берді.

    Тәуелсіздік алаңының ашылуымен құттықтап әрі жас талапкерлерге үлкен өмірде сәттілік тілей келген ардагерлер қауымы да айтулы шара барысында жүрекжарды лебіздерін білдірді. Үлкен өмірге қадам басып көңілдері алып ұшқан мектеп бітіруші түлектердің «Ақ жол» акциясы биыл аса жоғары денгейде ұйымдастырылған. Тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп білім шыңын бағындырған жастарды бұл күні арнайы келген облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов та арнайы құттықтап, Алтын белгі иегерлеріне лайықты марапаттарын табыс етті. Келешек бүгінгі жас өрендердің қолында. Сондықтан аудан әкімі шара барысында үлкен өмірге қадам басқан жастарды қалаған мамандықтарының иесі атанып, ел дамуына үлес қосатын азаматтар болуға шақырды. Бұл күні мектепті өте жақсы көрсеткіштермен бітіріп шыққан жастарға аудан басшысы үздік аттестаттарды табыс етіп, алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Айта кету керек, аудан әкімі бұл ретте үздік оқушыларды тәрбиелеген ата-аналары мен ұстаздарды да ұмыт қалдырған жоқ. Оларға да алғыс айтылып бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал шара соңы еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен  мерекелік концерттік бағдарламаларға ұласты.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.