Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Жамбыл жұртының даңқын арттырған «Даңқ залы» ашылды
    Әлеумет

    Жамбыл жұртының даңқын арттырған «Даңқ залы» ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.05.20192 122 Views

    Ұлы Жеңістің 74 жылдығын Жамбыл облысы айрықша атап өтті. Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы, Ақәділ Сухамбаев, Саттар Естемісов, Сәду Шәкіров секілді талай ержүректеріміздің туған өңірінде 2 мыңға жуық тұрғын жиналып, «Мәңгілік полк» шеруіне қатысты. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің өзі бастап, қаһармандарымызға құрмет көрсетті.

    Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің суреттерін қолға ұстағандар Тараз қаласының көшесінде жаяулатып жүріп, Жеңіс саябағына дейін барды. Айта кетейік, Жеңіс саябағы өткен жылы Асқар Исабекұлының тікелей бастамасымен толық жаңартылып, адам танымастай өзгерген болатын. «Ерлік» мемориалдық кешенінің ортасына облыстық драма театрының бір шетінде тұрған Бауыржан Момышұлының ескерткіші әкелінді. Сондай-ақ, Жамбыл облысынан шыққан 39 Кеңес Одағының Батыры мен 9 «Даңқ» ордені иегерлерінің есімдері жеке-жеке тақтайшаға жазылды.

    Тараз қаласының тұрғындары мақтанып, марқайып жүрген осы саябақта «Мәңгілік алау» және Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

    Ұлы Жеңіс күнінде Жамбыл өңірінің басшысы Асқар Исабекұлы жиналғандарды мерекемен құттықтап, тұрғындарды бейбіт күннің бағасын білуге шақырды. Ардагерлерге құрмет көрсету басты парыз екенін айтып, жастарға өзі үлгі көрсетті. Яғни, патриоттық әндер шырқалғанда Әулиеатадағы ағайын тікесінен тік тұрып тыңдады.

    Адамның рухын көтеретін «Жеңіс» саябағында Жеңіс күнінде тағы бір жаңалыққа жаршы болдық. Ғажайып нысан ашылды. «Даңқ залы» деп аталатын қос қабатты ғимараттың ішіне кірсеңіз естен танардай күй кешесіз.

    Тарихтың талай құпиясын бейнелеген зал туралы сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өзіңіз арнайы барып, көзбен көргенде ғана батыр бабаларымыздың ерлігіне ерекше бас иесіз. Қан майдандағы қаһармандарға құрметіңіз күшейеді. Расымен соғыстың азабын жүрекпен түсінесіз.

    Талайды тамсандырған ғимарат неге «Даңқ залы» деп аталған деген заңды сұрақ та туындауы мүмкін. Өйткені, музей сөзі ежелден келе жатқандықтан жұрттың құлағы елең етуі екі талай. Ал, зал деген сәтте жастардың көңілі, ықыласы ғимаратты көруге ынтық болуы мүмкін. Биліктегі басшылар осы мақсатты көздегендіктен «Даңқ залы» деп атаған. Расында атына заты сай ғимарат Жамбыл аймағындағы жұртшылықтың даңқын асқақтатты. Қызыға да, қызғана да қарайсыз. Жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайтын залдың бірінші қабатында 1 миллион 500 мың фотосурет шежірелері топтастырылған. Қабырғаға салынған суреттерге қарасаңыз көзіңізді тайдырмай қарайсыз. Алыстан бір ғана жауынгердің бейнесін көргендей боласыз. Жақындап барсаңыз сол суреттің ішінен мыңдаған адамның бейнесін көресіз.

    1941 жылға арналған қабырғада «Барбороса» жоспарының картасы, Мәскеу үшін шайқастың көрінісі тұр. Ал, 1942 жылға негізделген қабырға «Ленинград блокадасына» арналған. Онда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың суреті, ақынның «Ленинградық өренім» атты отты өлең жолдары жазылған. 1943 жылға арналған қабырғадан Сталинград, Курск шайқастарын байқасаңыз, 1944-45 жылдардағы қабырғадан Жеңістің лебін сезінесіз. Иә, мұндай зал Қазақстанда тұңғыш рет ашылды десек артық айтпағанымыз болар.

    Нысанның екінші қабатына көтерілсеңіз «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан. Мұнда батырдың балалық шағынан кемеңгерлік жасына дейінгі өмірін бейнелеген, шығармашылық қырын айшықтауға басымдық берген.

    «Даңқ залы» ғимаратының негізгі авторы — Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы. Тарихқа деген құрметі өте жоғары Мырзахметов жиналған жұртшылықты залдың ішімен таныстыруға өзі кірісті. Әр детальді түсіндірді.

    Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мекемтас Мырзахметовты құрметті қонақ ретінде шақыртылған. Олар жаңа туындымен танысты. Жеңістің 74 жылдық мерекесі күні 500 адамға ботқа таратылып, мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

    «Айғақ» ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.