Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Шымкентте әскери қызметкерлер қоныс тойын тойлауда
    Әлеумет

    Шымкентте әскери қызметкерлер қоныс тойын тойлауда

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.05.2019265 Views

    Отан қорғаушылар күні қарсаңында Шымкент қаласында әскери қызметкерлерге пәтер кілті тапсырылды. Өз пәтерлеріне әскерилер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы алды, мұндағы таза әрлеудегі пәтердің 1 шаршы метр құны 183 495 теңге.
    — Мемлекетік бағдарламаға қатысу үшін және осы бағдарлама арқылы пәтер алу үшін, Тұрғын үй құрылыс банкіндегі жинақ шотында жоспарлаған пәтер құнының алғашқы жарнасы 20% болу тиіс. Мысалы, 41 шаошы метр аумағы бар 1 бөлмелі 7,5 млн теңге тұратын пәтерді сатып алу үшін депозитке 1,5 млн теңге жинақтау қажет. Қалған сомаға банк жылдық 5% мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген қарыз береді, — деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шымкент қалалық филиалы директоры Сейітмамбетов Құдайберген мемелкеттік бағдарламаға қатысу шарттарын түсіндіру барысында.


    Ол, аталған тұрғын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» бағыты бойынша салынды – деп айтып өтті. Барлығы 2 216 пәтерден тұратын 38 тұрғын үй салынып пайдалануға берілген. Құрылыс нысандары Тұран, Тұлпар мөлтек аудандарында және Төлеметов көшесі бойында орналасқан.
    Бүгінгі таңда аталған пәтерлердің 1 257 өз пәтер иелеріне тапсырылды, ал қалғандары өз иелерін күтуде.
    Банк салымшылары және әскери қызметкерлер Baspana.kz порталы арқылы тапсырыс беріп немесе банк сайты арқылы онлайн-брондау тәсілі арқылы пәтер иесі атануларына болады.
    «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Бәйтерек девелопмент» бағыты арқылы жүргізілетін бағдарламаның үміткерлерге қойылатын талаптарымен қатар көптеген артықшылықтары бар, олар:
    ҚР азаматтығы немесе оралман статусы бар;
    ҚР аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі болу немесе болмағандығы маңызды емес;
    Банктің пайыздық мөлшерлемесі 5% мөлшерлеме;
    Алғашқы жарна пәтер құнының 20% төлем қабілетін растау.
    Мемлекеттік бағдарламаларға қатысумен қатар әскерилер арнайы «әскерилерді тұрғынжаймен қамтамасыз ету» бағдарламасы арқылы да баспана мәселесін шеше алады. Үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап ТҮҚЖБ шарттарды өзгертті, енді тұрғын үй төлемдерін алушы әскери қызметкерлер тұрғын үй сатып алуға бірыңғай шарттармен, бірдей — 8% мөлшерлемемен, пәтер құнының 15% астам алғашқы жарнасы болса несие рәсімдей алады. Бұл жерде пәтер таңдауда да шектеу жоқ. Несиені алғашқы және екінші нарықтағы үйлерге немесе үлестік құрылыс нысандарына да қатысуына мүмкіншілік бар. Пәтер сатып алу кезінде несие сомасына болашақ пәтердің жөндеу жұмыстарына жұмсалатын қаржыны да қосып есептеуіне болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.