Шымкент қаласында Президент сайлауында «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылған кандидатты қолдауға арналған қоғамдық штаб құрылды. Қоғамдық штабтың негізгі міндеті Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа сайлау алды бағдарламасын түсіндіру және насихат жұмыстарын жүргізу. Штаб жұмысын партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов басқарады.Жалпы штаб құрамы 86-азаматтан тұрады. Қаланың белсенді азаматтары, мемлекеттік мекеме, қоғамдық ұйым және этномәдени орталықтардың өкілдері бар. Сонымен қатар, 43 мобильді топ үгіт-насихат жұмыстарын 11 мамырдан бастап іске асырмақ.
Бұдан бөлек, штаб құрылымында Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды. Қабылдау бөлмесінде кандидаттың сенімді өкілдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, түскен ұсыныстар мен тілектердің сараптамасы нагізінде қоғамдық пікірдің мониторингін жүргізеді, сайлаушылардың ұсыныстарын қабылдайды.
Үгіт-насихат науқаны кезінде өткізілетін барлық шараларды ақпараттық қамтамасыз ететін арнайы баспасөз қызметі жұмыс жасайды.